ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
28 августа 2018 | 10:55

Абайдың көзі тірісінде музейге өткізіп кеткен заттары

Сандуғаш Сұлтан
Сандуғаш Сұлтан Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 173 жыл толды. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Жидебайда қазақтың ұлы ақыны тұрған үй бар, ол қазір музейге айналған. Ішіндегі заттар да сол қалпында сақталған. Абайдың музей-үйінің жетекшісі Нұржан Байтөстің айтуынша, бұл үйге келушілер үзілген емес, тіпті шет мемлекеттерден арнайы келетіндер де көбейіпті.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 173 жыл толды. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Жидебайда қазақтың ұлы ақыны тұрған үй бар, ол қазір музейге айналған. Ішіндегі заттар да сол қалпында сақталған. Абайдың музей-үйінің жетекшісі Нұржан Байтөстің айтуынша, бұл үйге келушілер үзілген емес, тіпті шет мемлекеттерден арнайы келетіндер де көбейіпті.

"Абайдың музей-үйіне адам келмейтін күн болмайды, есігіміз де үнемі ашық. Биыл 16 және 17 тамыз күндері ШҚО Абай ауданында Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдық мерейтойы мен Абай ауданының құрылғанына 90 жыл толуы тойланды, осы кезде Жидебайдағы Абайдың музей-үйіне келушілер ерекше көп болды. Ол күндері музей таңғы сағат 08.00-ден кешкі сағат 21.00-ге дейін жұмыс істеді. Себебі алыстан ат терлетіп, ниеттеніп келетіндер қаншама. Абайдың туған жеріне келген әр адам ақынның музей-үйін көрмей, кеткісі келмейді", - деді Нұржан Байтөс.


Музей қызметкерлерінің айтуынша, үй күрделі жөндеуден өткен, бірақ құрылысы сол қалпында сақталған.


Абай пайдаланған заттар: тоғызқұмалақ, дойбы, есеп шот, мүйіз шақша және былғары дорбаша.

"23-25 тамызда ХІХ Республикалық Абай оқулары өтті, оған еліміздің түкпір-түкпірінен 102 бала келді. Ол балалар да Абайдың музей-үйімен танысты. Сонымен қатар, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында дарынды балаларға арналған "Дарын" орталықтарынан күн сайын жүздеген оқушыны қарсы алып, музеймен таныстырамыз. Музейдің есігі ешқашан жабулы болмайды, тіпті түскі үзіліске де жабылмайды, себебі келушілер көп және олардың басым бөлігі алыс жолдардан келеді", - дейді музей жетекшісі.


Ас үйдегі заттар

Музей жетекшісінің айтуынша, кейінгі кездері шетелдік қонақтар көбейген. Сондықтан алдағы уақытта музей қызметкерлері ағылшын тілінде де таныстыру жұмыстарын жүргізеді.

"Абайдың музей-үйіне тек Қазақстанның азаматтары ғана емес, әлемнің әр бұрышынан арнайы келетін қонақтарымыз болып тұрады. Мысалы, кеше ғана Германиядан адамдар келді. Өткен аптада бір қызық күн болды, бір күнде Италиядан, Германиядан, Франциядан, Ирактан туристер келді. ТМД елдерін қоспағанда, әлемнің әр бұрышындағы өзге мемлекеттерден келушілер жетерлік. Ал, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан сияқты елдерден үнемі келіп тұрады. Оларға музей қазақ және орыс тілінде таныстырылады, келушілер әрдайым аудармашыларымен жүреді, бірақ біз болашақта экскурсия жетекшілеріне ағылшын тілін меңгертуді жоспарлап отырмыз", - деді ол.

Нұржан Байтөс музейдегі ең құнды саналатын заттар туралы да айтты.

"Музейдегі ең құнды заттардың бірі - Абай атамыздың өзі қолданған үш ішекті домбырасы. Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлының бәйбішесі Ділданың түс киізі, ол реставрациядан өтпеген, өз қалпын сақтап тұр. Тағы бір құнды зат - Абай атамыздың екінші әйелі Әйгерімнің төркінінен келген парсы кілемі, бұл да сол қалпында тұр. Сонымен қатар, Абайдың Әйгерімге сыйға тартқан күміс ертоқымы. Тағы бір баға жетпес дүние - Құнанбай қажының тақиясы. Ол оны арнайы Меккеде тіккізген", - деді ол.


Абайдың Әйгерімге сыйға тартқан күміс ертоқымы

Нұржан Байтөстің айтуынша, Абай өз заттарын көзі тірісінде музейге өткізіп кеткен. 

"Абай Құнанбайұлы 1885 жылы өзінің және әкесі Құнанбайдың көп дүниесін өлкетану музейіне өткізіп кеткен. Ақын қайтыс болғаннан кейін оның біраз заты немересі Әубәкірге қалған. Кейін оны үкімет Әубәкірден тәркілеп алған. Сол кездері көп дүниесі қолды болып кеткен - асыл тастар, қымбат заттар, үйіне тиесілі дүниелер", - дейді ол.


Абайдың жұмыс үстелі.

Жидебай қорық алқабы Семей қаласынан 178 шақырым жерде орналасқан. Мына арбалар - ақын Абайдың қолданған көліктері. Музей қызметкерлерінің айтуынша, Абай Семейге жету үшін осы арбалармен екі күн жүрген. 

Жидебай қонысында ұлы ақынның туғанына 150 жыл толған тойы қарсаңында Абай Кесенесі орнатылды. Биік екі мұнараның біріншісі - Абай мұнарасы (биіктігі 38,5 метр), екіншісі - Шәкәрім мұнарасы (35 метр).


© Tengrinews.kz

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 524  course up  545.51  course down  5.07  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer