ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
03 февраля 2020 | 17:53

"Хәрри Поттер", "Роулиң". Әлемге танымал роман қазақ тіліне қалай аударылды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кітаптың мұқабасы Кітаптың мұқабасы

Англиялық танымал жазушы Джоан Роулингтің сиқыршылар әлемі жайлы романдар сериясы қазақ тілінде басылып шықты. Енді оқырмандар Harry Potter романын қазақ тілінде оқи алады. Алғашқы кітапты аудармашылар "Хәрри Поттер мен пәлсапа тас" деп аударған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Англиялық танымал жазушы Джоан Роулингтің сиқыршылар әлемі жайлы романдар сериясы қазақ тілінде басылып шықты. Енді оқырмандар Harry Potter романын қазақ тілінде оқи алады. Алғашқы кітапты аудармашылар "Хәрри Поттер мен пәлсапа тас" деп аударған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кітапты қазақ тіліне шығару құқығын Steppe & World Publishing баспасы алған. Қазақшаға аударылған кітаптың мұқабасы желіде жарық көргеннен кейін көп адам бас кейіпкерді "Хәрри", авторды "Роулиң" деп жазғанын сынға алған. Бұл сынға жобаның жауапты редакторы Назгүл Қожабек жауап берді.

"Біз Хәрри Поттердің атын өзгерткен жоқпыз. Ағылшын тілінде қалай естіледі, солай жаздық. Ағылшынның "Н" әрпін "Г" деп аудару орыс тілінің фонетикалық заңдылығы. Сол заңдылықпен Гарри деп айтылған болатын. Ағылшын тілінде Гарри деген бөлек ат бар, ол Garry деп жазылады. Ағылшындар Harry-ді "Хәрри" деп айтады, қазақ тілінің фонетикалық заңдылығы бізге солай жазуға мүмкіндік береді. Мұны біз өз қалауымызша жаза салған жоқпыз, мамандармен ақылдастық. Иә, тосын естіледі. Ағылшын мен қазақ тілінде фонетикалық тосқауыл жоқ. Сондықтан біз ағылшындар айтатын секілді "Хәри" және "Роулиң" деп жазуға мүмкіндігіміз бар", - деді Қожабек.

"Хәрри Поттерді" қазақ тілінде сөйлетуге үш аудармашы атсалысқан. Олар кітапты ағылшын тілінен алты айға таяу уақытта аударған.

"Бірінші кітапты аударуға уақыт көбірек кетті. Жұмыс тамызда басталған, қаңтардың ортасында соңғы нүктесін қойдық. Бұл жұмыстың ұзаққа созылу себебі - кейінгі 7 кітапта болатын оқиғаларды бекітіп алу керек еді. Қазір біз асығыс аударып қойсақ, ол жетінші кітапқа келгенде басқа мағына болып шығуы мүмкін. Сондықтан, бірінші кітапты аудару барысында бәрін пісіріп, кейіпкерлердің есімін, дуалардың атауын бекіттік", - дейді Назгүл Қожабек. 

Баспа 2020 жылы Harry Potter әлеміне кіретін 4-5 кітапты шығармақ. Ал қалған томдарды 2021 жылы шығаруды жоспарлап отыр. Одан бөлек, осы әлемге кіретін тағы үш шағын әңгімені аударамыз дейді олар. Бүгінде серияның екінші томын аудару жұмысы бітуге жақын, енді аудармашылар үшінші томды аударып бастаған.

"Хәрри Поттер мен пәлсапа тас" кітабы 10 мың данамен шыққан. Басында баспа кітаптың мұқабасын қазақы нақышпен жасауға тырысқан. Алғашқы нұсқада Хәрри киіз үйдің ішінде, тымақпен бейнеленген. Оның артында домбыра мен ұлттық оюлар бар. Бірақ бұл нұсқаны Лондондағы баспа әлі қабылдамаған. 


Қазақы нақыштағы мұқабаның нұсқасы

"Бұл суретті Лондонға жібергенмін. Әлі толық жауабы келген жоқ. Бір жерін алып таста немесе қос деп айтатын шығар. Әр ел өздеріне сай мұқаба жасап шығады. Ал біз бірінші кітапқа америкалық баспаның мұқабасын таңдадық. Алдағы уақытта қазақы нақыштағы мұқабалармен шығарамыз деп үміттенемін", - дейді Steppe & World Publishing баспасының негізін қалаушы және басшысы Райса Қадыр. 


"Хәрри Поттер мен пәлсапа тас" кітабын қазақшаға аударғандар

Райса Қадыр "Хәрри Поттер мен пәлсапа тас" кітабын шығаруға қанша қаражат кеткені коммерциялық құпия екенін айтады. Оны 7 ақпаннан бастап кітап дүкендерінен сатып алуға болады.  

"7 ақпаннан бастап сатыла бастайды. Дүкендерде кітаптың бағасы қанша болатынын нақты айта алмаймын. Бірақ 5 мың теңгеден аспауы керек. Орыс тіліндегі кітаптардың бағасымен бірдей болады", - дейді Райса Қадыр. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети