ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
06 декабря 2019 | 14:33

"Шіркін-ай, осындай қазақ көбірек болса екен". Әбіш Кекілбаевты жұрты қалай бағалады?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Әбіш Кекілбаев Әбіш Кекілбаев

Осыдан тура 80 жыл бұрын Маңғыстау облысының шағын ауылында Әбіш Кекілбаев дүниеге келген. 23 жасында алғашқы өлеңдер жинағын шығарған ол кейіннен дүйім қазақ мойындаған қаламгерге айналды. Оның шығармалары оннан аса тілге аударылған. Tengrinews.kz тілшісі қаламгердің өмірі мен еңбек жолын еске түсірді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Осыдан тура 80 жыл бұрын Маңғыстау облысының шағын ауылында Әбіш Кекілбаев дүниеге келген. 23 жасында алғашқы өлеңдер жинағын шығарған ол кейіннен дүйім қазақ мойындаған қаламгерге айналды. Оның шығармалары оннан аса тілге аударылған. Tengrinews.kz тілшісі қаламгердің өмірі мен еңбек жолын еске түсірді.

Әкесінен ерте айырылған

Әбіш Кекілбаев 1939 жылы 6 желтоқсанда қазіргі Маңғыстау облысы, Оңды ауылында дүние есігін ашқан. Бала Әбіш үш жаста болғанда әкесі майданға аттанып, үш рет жараланған, сөйтіп, Сталинград маңында қаза тапқан. Кекілбайдың дүниеден өткенін оның отбасы бірнеше жылдан кейін ғана білген.

Ақын үш рет мектеп ауыстырған. Оқушы кезінде әдебиетке құмарлығы басталады. Анасы Айсәуле сұхбаттарының бірінде Әбіштің балалардан гөрі үлкен кісілерге үйір болғанын, кітапты көп оқығанын айтқан.


Студенттік шағы (оң жақта). © kaznu.kz

Кейін Кекілбаев Алматыда Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. Оқып жүргенде көп қаламгермен жүздесіп, танысқан. Солардың бірі Мұхтар Мағауинмен жақын дос болған. 

Соңғы курста "Қазақ әдебиеті" газетінде жұмыс істей бастаған. Ал оқу бітірген соң Кекілбаев түрлі қызмет атқарады. Газетте бөлім меңгерушісі, "Қазақфильм" студиясының бас редакторы болған, ҚазКСР Мәдениет министрлігінде де ұзақ жыл еңбек еткен.


Әбіш Кекілбаев, ҚР Жоғарғы кеңесінің 12-шақырылымының депутаты

Кейін еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін көбіне мемлекеттік қызметте болды. Басында Жоғарғы кеңестің депутаты, кейін төрағасы атанады. Аз уақыт Мәжіліс депутаты да болды. Ал 2002 жылдан бастап сегіз жыл бойы Сенат депутаты болған.

Қаламгердің жары - Клара. Отбасы Әулет пен Дәулет есімді ұлдарды, Зәузат пен Сәулет есімді қыздарды тәрбиелеп өсірген.

Қоғам қайраткері 2015 жылы 11 желтоқсанда 76 жасында дүниеден өтті. Биыл Мемлекет басшысы Ақтауда Әбіш Кекілбайұлының ескерткішін ашқан. 


Ақтауда биыл ашылған ескерткіш © akorda.kz

Ал бүгін Нұр-Сұлтанда Әбіш Кекілбаевтың құрметіне көше ашылды. 


© facebook.com/yyedilov

Көп шығармасы неміс тіліне аударылған

Әбіш Кекілбаев - заманауи қазақ әдебиетіндегі ерекше құбылыс. Оның "Алтын шуақ" деп аталатын алғашқы кітабы 23 жасында шыққан. Екі жылдан соң "Бір шөкім бұлт" атты өлеңдер жинағы басылды.

Ол ақын ғана емес, публицист, жазушы. Бүгінде әдеби проза мен сыншыл ретінде мойындалған. Жазушы - ондаған роман, повестердің авторы. Оның "Үркер", "Елең-алаң" романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланған. Ғылыми дәйекпен жазылған "Шандоз" тарихи романы да жоғары бағаға ие болды.


© juldyz.kz

Қаламгердің туындылары бірнеше тілге аударылған. Көбіне оның шығармашылығымен неміс әдебиеттанушылары жақын таныс. Себебі оның көп шығармасы неміс тіліне аударылған. Кекілбаевтың повестері 1972 жылы Erlesenes, 1975 жылы Novitätenkassette жинақтарына енген.

Оның шығармаларын бүгінде ағылшын, эстон, испан, болгар, түрік, орыс, қырғыз, өзбек, поляк және басқа да тілдерде оқуға болады.

Әдеби энциклопедиялық сөздікте Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығына "интеллектуализмге ұмтылған, шығармашылық ізденісі ауқымды, көтерген мәселелері кең және жан-жақты" деген баға берілген.

Әбіш туралы қандай пікір бар?

Әбіш Кекілбаев жайлы қазақ қаламгерлері ғана емес, шетелдік сыншы, жазушылар да сөз қозғаған. Мысалы, қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматов оған "Өткен мен бүгінгі күндер тәжірибесінің қорытпасы" деген баға берген.

Ал ресейлік сыншы Леонид Теракопян оның шығармасы жайлы былай деген: "Өткен өмірдің көне беттерін аша отырып, тарихи шындықтан ауытқымаса да, бүгінгі күннің көкейкесті мәселелеріне жауап береді".

Неміс сыншысы Зигрид Клайнмихель:

"Қазақ жазушысы Әбіш Кекілбаевтың "Мұнара немесе аңыздың ақыры" романындағы және өзге де прозалық шығармаларындағы алуан бейнелер болмысты өнер арқылы тікелей өзгертуге құлшынады. Жазушы Кекілбаев материалды дала өмірінен алады да, өз тәжірибесіне сүйене отырып, баллада түрінде өткір драмалық прозаға айналдырады".

Мемлекет қайраткері Мырзатай Жолдасбеков:

"Маңғыстауда ежелден 362 әулие бар еді, 363-ші әулие Әбіш Кекілбаев шығар".


Мырзатай Жолдасбеков пен Әбіш Кекілбаев. © syrboyi.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев:

"Әбекең - әлемдік өркениеттің ортақ қазынасына олжа салған суреткер. Көркем ойдың, көркем әдебиеттің көсемсөзге жол берген тұсында ол ел-жұртына үлгі беретін үрдіске қол артып, уақыт мінберіне көтерілді. Ағынан жарылды, адалынан сөйледі. Әлі де қоғам мен қауымды толғандырған келелі мәсе­лелерде кең толғар пайым қажет болғанда, қаламына қай­раткер сөз ұштап, шынайы пікірі мен шырайлы бәтуа­сын жайып салады. Жұртының мүддесі үшін жазары таусылмаған жазушы болу да бір бақыт қой. Шіркін-ай, осындай қазақ көбірек болса екен деп тілеймін!".


Әбіш Кекілбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен. © aikyn.kz

Жазушы Шерхан Мұртаза:

"Тәңiр мен туған ана Әбiшке келiстi келбет берген. Атақты философ Артур Шопенгауэрдың байқауынша, кiсi келбетi - бұл адамның кiм екенiнiң кепiлдемесi, өзi туралы ашық хаты iспеттес. "Мiне, мен осындай адаммын" деген мiнездеме оның дидарында ап-айқын жазулы тұрады".

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 524  course up  545.51  course down  5.07  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer