ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
29 июля 2021 | 17:55

"Әлі төрт боксшымыз бар". Ермахан Ибраимов жанкүйерлерді сабырға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Olympic.kz, © Тұрар Қазанғапов Фото: Olympic.kz, © Тұрар Қазанғапов

2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов қазақстандық боксшылардың Токио Олимпиадасындағы жеңілісі туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов қазақстандық боксшылардың Токио Олимпиадасындағы жеңілісі туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ибраимов жанкүйерлерді қалған боксшыларға қолдау көрсетуге шақырды.  

"Қазақстан боксы осы уақытқа дейін әр Олимпиададан "алтынсыз" оралған жоқ. Бәрі алтын медаль алып, Қазақстан жанкүйерлерін қуантып келді. Қазір төрт боксшымыз бар, сол төрт боксшымыздың әрқайсына үміт артып отырмыз. Алдағы жолы да жанкүйерлерді қуантамыз деген сеніміміз мол. Қазір бокс саласы қарқынды дамып жатыр. Бекзад Нұрдәулетов, Василий Левит пен Абылайхан Жүсіповтің жеңілісінен кейін жанкүйерлер дүрбелең салған сияқты. Жанкүйердің бәрін сабырға шақырамын. Әлі төрт боксшымыз бар. Сол жігіттерге жанкүйер болып, қолдайық", - деді Ермахан Ибраимов ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте.

Айта кетейік, қазір Олимпиаданың жарыс жолында қазақстандық төрт боксшы қалды. 1/8 финалда қатарынан бес боксшымыз жеңіліп қалған - Абылайхан Жүсіпов, Василий Левит, Серік Теміржанов, Бекзад Нұрдәулетов пен Надежда Рябец қарсыласына есе жіберген.

"Кеңес заманында қалып қойдық". Бокс әлемі Олимпиададағы сәтсіздік туралы не дейді?

Ал бүгін Әбілхан Аманқұл өзбек боксшысын нокдаунға түсіріп, ширек финалға шыққан еді. Кейін құрамы капитаны Қамшыбек Қоңқабаев та алғашқы қарсыласын сенімді жеңген болатын. 

Енді турнирдің 1/8 финалы аясында Зәкір Сафиуллин мен Сәкен Бибосынов жекпе-жек өткізеді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети