ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
04 апреля 2020 | 11:11

Бекзат Саттарханов Сидней Олимпиадасында алтын медаль алатынын сезгені рас па?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бекзат Саттарханов © El.kz Бекзат Саттарханов © El.kz

Бүгін қазақстандық боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Бекзат Саттархановтың туған күні. Ол 1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласында дүниеге келген. Tengrinews.kz тілшісі Бекзат Саттархановтың өмірі мен спорт мансабын баяндайды.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін қазақстандық боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Бекзат Саттархановтың туған күні. Ол 1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласында дүниеге келген. Tengrinews.kz тілшісі Бекзат Саттархановтың өмірі мен спорт мансабын баяндайды.

Өмірге келуінің өзі ерекше болған

Маңдайына 20-ақ жыл жазылған боксшы анасының құрсағында жатқанда бір, бесікте жатқанында екінші рет ажалдан аман қалған екен. Анасы Сырлыкүл Саттарханованың айтуынша, Бекзат анасының құрсағында жатқан кезде дәрігерлер "бұл баланы босансаң өзің тірі қалмайсың" деген екен. Алайда Сырлыкүл Саттарханова дәрігерлердің ескертуіне құлақ аспай, өмірге Бекзат Саттархановты әкелген. Анасының сөзінше, Бекзат маңдайында мең пайда болып өмірге келген. Анасы оны қасиет қонған шығар деп топшылаған екен. 

Бекзат Саттарханов © Qazsport телеарнасы

Бала Бекзат өмірге келгеннен кейін қайта-қайта ауыра берген екен. Тіпті 6,5 айлық кезінде ауырып, 6 күн ес-түссіз комада жатқан. Сөйтіп педиатрлар оның ата-анасына бала өліп қалады деп айта берген екен. 

Алғашында күрес үйірмесіне қатысқан

Бастапқыда өзін-өзі қорғап үйренсін деген оймен Бекзатты ата-анасы күрес үйірмесіне қатыстырады. Алайда күреске ынтасы болмай, екінші жағынан күреспен айналысу бойдың өсуін тежейтінін ұғып үйірмеге бармай, бірден боксқа бет бұрады. 1986-1996 жылдар аралығында Абай атындағы мектеп интернатта, кейін Жұмабек Еділбаев атындағы №18 орта мектепте оқыған. 1995 жылы алғаш рет бокс үйрімесіне жазылып, бапкер Нұрлан Жұмабаевтан тәлім ала бастайды. Ата-анасы мен туыстары Бекзаттың боксқа деген ынтасын байқағанымен, ол тек өтпелі кезең деп ойлаған екен. Бірақ ол бокспен шұғылданғанына бір жыл толмастан республикалық сайыстың жеңімпазы атанып, былғары қолғапты бекер кимегенін дәлелдейді.

Жұдырықтасу техникасы ерекше болған

Бекзат рингте тек жұдырықпен емес, ақылмен де жұмыс істейтін боксшылардың қатарынан болған. Әсіресе аяқпен қимылдауда ерекше белсенділік танытқан. 

"Бекзаттың аяғы мықты екен, жорға жүрісті боксшы есімді алды. Осы жігіт финалға ілігеді", - деген екен Бекзаттың Сидней рингіндегі қарсыласы Джеффри Матебула.

Жаттығу кезінде аяғына 3-4 келілік қорғасын байлап алып жүгіреді екен. Аяғына ауыр тас байлап алғандығына қарамастан, құрамадағы әріптестерінің үнемі алдын орап кеткен. Бокс мамандары мен жанкүйерлер Бекзаттың техникасы боксшы, Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегері Серік Қонақбаевқа ұқсайтынын ерекше атап өтті.

Спортқа 15 жасында келген

1995 жылы 15 жасында Түркістан қаласында өткен З.Сейітбековті еске алу турнирінде тұңғыш рет топ жарған Бекзат өмір бойы осы жүлдесінің өте ыстық екенін айтып өткен екен. "Түркістан 95" деген жазуы бар қыш құмыраны Сидней Олимпиадасының алтынымен тең көрген. Дәл сол жылы жасөпірімдер арасындағы халықаралық жарыста жеңімпаз атанып, бапкерлер көзіне түсе бастайды.

Бекзат Саттархановтың ең алғашқы жүлдесі © Qazsport телеарнасы

Спортшы 1996 жылы Қостанай қаласында өткен бокстан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының ішкі біріншілігінде чемпион атанады. Дәл сол жылы шымкенттік Анатолий Визириякин атты бапкердің қарамағына өтіп, облыс орталығындағы мектеп-интернатта жаттыға бастайды. 1997 жылы Қарағанды және Германияның Кельн қалаларында өткен халықаралық турнирлерде топ жарады. 1998 жыл Бекзат үшін табысты болды. Сол жылы Аргентинада өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Қостанай қаласында өткен жарыста 54 келіде сынға түскен ол Марат Мәзімбаевтан ұтылып қалғанымен, бапкерлер сенімінен шығып, ұлттық құрамаға қабылданады.

1999 жылы Венгрия және Болгарияда өткен халықаралық турнирлерде оза шауып, Ташкентте өткен бүкіл Азия біріншілігінде күміс жүлдеге қол жеткізеді. Дәл осы күміс жүлдесімен бірге Сидней Олимпиадасының жолдамасына да ие болады. Бекзаттың қысқа ғұмырында 2000 жыл тек Сидней Олимпиадасындағы жеңісімен ерекшеленбейді. Ол мұхиттың арғы бетіндегі төртжылдық додасына аттанғанға дейін Қырғызстанда өткен Орта Азия ойындарында, Испанияда жалауы желбірген халықаралық жарыстарда жеңіс тұғырына көтеріледі. Астана қаласындағы "Қазақстан-Куба" кездесуінде қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, Чехияда өткен "Гран Приде" жеңімпазға берілер Кубокті төбесіне көтереді. Мәскеудегі ТМД елдерінің біріншілігінде 4 жүлдемен қатар, сайыстың үздік боксшысы деген атақты еншілейді.

© Wikipedia

Сидней-2000

Бекзат Саттарханов 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасына барарда жарыстан жүлделі қайтатынын сезген екен. Бұл туралы ол анасына айтып берген екен. 

"Мама, алтын медальді, Құдай қаласа, алып келемін. Сіз тыңдаңыз, мен түс көрдім, алтын медаль менікі. Маған келіп, менің мойныма алтын медальді салып кетті. Сіз азанда мешітке барыңыз, сөйтіп, әкеме жеті рет қазақнды айналып дұға жасатыңыз. Үйге келіп, жеті адамға садақа беріңіз де Құдайдан тілеп отыра беріңіз. Ешнәрсе ойламай-ақ қойыңыз, алтын медальді мен алып келемін" деп айтты", - дейді боксшының анасы Сырлыкүл Саттарханова Qazsport телеарнасына берген сұхбатында. 

Сидней Олимпиадасындағы жеңісі үшін Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бекзат Саттархановқа І дәрежелі "Барыс" орденін табыс етті. Тарихта Бекзат "Барыс" орденінің тұңғыш иегері ретінде де қалды.

Бекзат Саттарханов шаршы алаңда 143 жекпе-жек өткізіп, оның 132-сінде жеңіске жеткен. Ол 2000 жылдың 31 желтоқсаны күні сағат 23:45-те Шымкент қаласының маңындағы Темірлан бекетінде жол апатына ұшырап, қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети