ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
10 августа 2021 | 15:30

Ермахан Ибраимов: Қазақстандық бокста дағдарыс басталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ермахан Ибраимов. Фото: ҚБФ© Ермахан Ибраимов. Фото: ҚБФ©

2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов қазақстандық боксшылардың биылғы Токио Олимпиадасындағы нәтижесіне баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов қазақстандық боксшылардың биылғы Токио Олимпиадасындағы нәтижесіне баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ибраимовтің айтуынша, қазір қазақстандық бокста дағдарыс басталған. Бірақ бұл қалыпты жағдай.  

"Жұрт "қола дәуірі" деп жатыр. Қазақстан боксы ерте ме, кеш пе, осындай "қола дәуіріне" келер еді. Боксшыларымыз жанкүйерлерді алтын медальдармен қуантып, тек жеңіске үйретіп қойды. Бірақ мұндай дағдарыс бәрібір болады. Бұл сәт осы Олимпиадаға түсіп отыр. Оның бір себебі - пандемия. Жігіттер көптеген жарысқа шыға алмай қалды. Дұрыс дайындала алмады. Соның салдарынан боксшыларымыз "қоладан" аса алмады. Мұндай дағдарыс кез келген құраманың басынан өтеді", - деді Ибраимов. 


Фото: Reuters

Сонымен қатар, Сидней Олимпиадасының чемпионы қазақстандық бокс мектебі Кеңес кезеңінде қалып қойған, сол үшін нәтижесі нашар деген пікірге қатысты ойын айтты. 

"Ол пікірмен келіспеймін. Себебі Кеңес кезеңіндегі мектеп ең тиімдісі. Соның бір дәлелі - осы мектептен шыққан ресейлік Альберт Батырғазиев сапалы өнер көрсетті. Біздің боксшылар алдыңғы қолмен, аяқпен, қорғаныста жұдырықтасудың арқасында чемпион болып жүр. Бірақ биылғы Олимпиадада жігіттерден ондай бокс көрмедім", - деді ол. 

Оның сөзінше, биылғы Олимпиадада төрелік әділ болған. Тек бір боксшымыздың жеңісі "ұрланыпты". 

"Сәкен Бибосынов бірінші раундта жеңілді. Қалған екі раундта жеңіп шыққан еді. Сол ғана. Жалпы турнирді алғанда төрешілер әділетті болды", - деді Ермахан Ибраимов.


© Reuters

Боксшы бұл жағдайда кінәліні іздеу керегі жоғын айтады. 

"Бұған кімді кінәлаймыз? Спортшыларды ма, бапкерлерді ме? Бұл Қазақстан боксының дағдарысы. Біреуді кінәлай салуға болмайды.

Жас боксшыларымыз бар. Олимпиададан кейін Василий Левит, Зәкір Сафиуллин секілді боксшыларымыз карьерасын аяқтайды. Олардың орнына жастар арасындағы кейінгі әлем чемпионатында "алтын" алған боксшылар келеді. Енді Ұлттық Олимпиада комитеті, Мәдениет және спорт министрлігі, әр облыстың бокс федерациялары жиналыс өткізеді, қай жерде қандай қате кеткенін талдап, кейін Париж Олимпиадасына дұрыстап дайындалуымыз керек. Кінәні біреуге ысыра салмауымыз қажет", - деп қорытындылады ол. 


© Reuters

Еске салайық, Токио Олимпиадасында боксшыларымыз екі қола медальмен оралған болатын. Алғаш рет Қазақстан құрамасының боксшылары Олимпиада алтын жүлде еншілей алмады

Сонымен қатар, бұл Олимпиадада жанкүйерлер үміт артқан көп боксшы жарыс жолынан ерте шығып қалған еді. "Қазақ салмағы" саналған 69 келіде Абылайхан Жүсіпов, әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов пен Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит 1/8 финалда жеңілген болатын. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer