ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
24 ноября 2021 | 13:12

GGG - Канело: трилогия кімге қажет?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Golden Boy Фото: Golden Boy

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің үшінші жекпе-жегі қайта талқылана бастады. Канело да, GGG де мәлімдемелерінде трилогияға дайын екенін айтып жүр. Бірақ келіссөз басталмады. Tengrinews.kz тілшісі Головкин - Альварес трилогиясына қатысты жаңалықтарды жинап шықты. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің үшінші жекпе-жегі қайта талқылана бастады. Канело да, GGG де мәлімдемелерінде трилогияға дайын екенін айтып жүр. Бірақ келіссөз басталмады. Tengrinews.kz тілшісі Головкин - Альварес трилогиясына қатысты жаңалықтарды жинап шықты. 

Канело да, GGG де дайын

Бұған дейін Канело "GGG-мен трилогияға шығудың мәні жоқ, мен чемпионмын" деп жүрген. Ал қазір бұл ойынан айныған. Таяуда ғана Калеб Плантты жеңіп, екінші орта салмақта абсолют әлем чемпионы атанғаннан кейін Головкинмен жұдырықтасуға дайын екенін айтқан болатын. 

"Головкинмен тағы жекпе-жек өткізгім келе ме? Иә, келеді. Неге өткізбеске? Егер Геннадий екінші орта салмаққа көтерілуге дайын болса, мен де дайынмын. Абсолют әлем чемпионы болу оңай емес, бірақ мен тек үздік боксшылармен жұдырықтасқым келеді",  - деген еді Канело. 

© Reuters 

Трилогияға Головкин де дайын. Forbes журналисі Джош Кацовиц GGG-мен сөйлесіп, одан Канеломен трилогия туралы сұрады.

"Альвареспен тағы бір жекпе-жек өткізбесең мансабыңда бос орын болады деп ойламайсың ба?" - деген сұраққа Головкин былай жауап берді:

"Бұл менің мансабыма ешқандай әсер етпейді. Мен өзімді жайлы сезінемін. Канелоға қатысты бәрі түсінікті. Егер халық жекпе-жек өтуіне қызығушылық білдірсе, бәрі өткенін қаласа бұл жекпе-жек өтеді. Мен әрқашан дайынмын. Әрине, Канело не ойлайтынын ешкім білмейді".

© Reuters 

Кездесу қашан өтуі мүмкін?

Канело рингке мамырда оралады. Плантқа қарсы кездесуден кейін өзі солай айтқан. Демалып, толық жазылып, рингке мамырда оралуды жөн санап отыр. 

"Келесі сынаққа өту үшін мамырға дейін демалған дұрыс", - деген еді Канело.

Шетелдік инсайдерлердің мәліметінше, Головкин де желтоқсандағы жекпе-жегінен кейін рингке мамырда оралады. 

Танымал WorldBoxingNews порталы да Канело мен Головкин трилогиясы сол кезеңде өткізуді ұсынып отыр. Головкин желтоқсанда жапониялық Риота Муратаны жеңсе, тағы бір титул алады. Кейін 2022 жылы 7 мамырда Канело мен Головкиннің үшінші жекпе-жегін ұйымдастыруға болатынын жазған.  

© Reuters 

Кездесу қайда өтуі мүмкін?

Боксшылардың алғашқы екі кездесуі АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен. Ал үшінші жекпе-жек өтер болса, ол басқа елде ұйымдастырылуы мүмкін. Канелоның бапкері Эдди Рейносо трилогияны Мексикада өткізуді ұсынды. 

"Канело Головкинмен Мексикада жұдырықтасқанын қалаймын. Бұл жанкүйерлер көргісі келетін жекпе-жек. Оны өз елімізде өткізгеннен артық не бар? Трилогия Гвадалахара немесе Мехикода өткенін қалаймын", - деген еді Рейносо. 

Канело да бапкерінің сөзіне қосылып отыр.

© Reuters 

Трилогияны Мексикада өткізуді Головкин де қолдауы мүмкін. 2017 жылы боксшылардың екінші кездесуін Мексикада ұйымдастыру мәселесі көтерілген. Сол кезде қазақстандық боксшы Мексикадағы "Ацтека" стадионында жұдырықтасуға дайын екенін айтқан еді.  

Сарапшылар пікірі қандай?

Расын айтқанда, трилогияны бокс әлемі тағатсыздана күтіп жүр. Сарапшылар да сәт сайын түрлі пікір айтады. Мысалы, бокс бапкері үлкен Теофимо Лопес қазір Канелоны ешкім жеңе алмайды деген пікірде. 

"Қазір "Канелоны" ешкім жеңе алмайды. Оны Головкин ғана жеңе алар еді, бірақ қолынан келмеді. Жігіттер, трилогияны көргілерің келе ме? Мен көргім келеді", - деді Лопес FightHype.com сайтына берген сұхбатында. 

Ал ұлыбританиялық сарапшы Бен Смиттің пікірінше, қазір трилогия туралы айтуға ерте. 

"GGG қандай жағдайда екенін көргеннен кейін бәрі түсінікті болады. Ол бабында ма? Канело нағыз бабында, ал Головкин кездесу аз өткізді. Муратаны сенімді жеңсе, үшінші жекпе-жек өткізуге мүмкіндік артады. Егер жеңілсе немесе жеңісі айқын болмаса, трилогияны ұмыта беру керек", - деді Смит.

© Reuters 

Сарапшы әрі инсайдер Майк Коппинджер трилогияға болжам жасаған. Оның пікірінше, үшінші кездесуде Канело жеңеді. 

"24 раунд нағыз жеңімпазды анықтамады, бірақ олар үшінші рет кездессе, жеңімпаз айқындалады. Канело төрешілер шешімімен жеңеді. Альварес бабында, ал GGG былтыр бір жекпе-жек өткізді, биыл да рингке бір рет шығады", - деп жазды ол. 

WorldBoxingNews порталының редакторы Фил Джейдің пікірінше, Канелоға қазір ең қауіпті қарсылас - Головкин. 

"Головкин қазір жас емес, бірақ әлі де мығым, соққысы жойқын. Ол Канело үшін орта және екінші орта салмақтағы ең қауіпті қарсылас", - деді Джей Vesti.kz сайтына берген сұхбатында.

© Reuters 

Трилогия боксшыларға қажет пе?

Боксшылардың екінші кездесуінен бері үш жыл өтті. Головкин келер жылы 40 жасқа толады. Ал 31 жастағы мексикалық боксшы қазір нағыз бабында.

Трилогия екі боксшыға да керек. Головкин карьерасының соңында үлкен жекпе-жек өткізіп, жеңілген күннің өзінде экономикалық тұрғыда пайда көреді.

Канело да бұл текетіресте әлі айқын жеңімпаз анықталмағанын жақсы түсінетін шығар. 40 жасқа келген Головкинді тағы бір жеңсе, алғашқы кездесудегі әділетсіздік ұмытылып та кетуі мүмкін. Әйтпесе жанкүйерлер де сол алғашқы кездесудегі "жеңілісін" бетіне басады. 

Оның үстіне, бұл қаржылық тұрғыда екі боксшыға да пайдалы. Расын айтқанда, Головкиннің жанкүйерлері GGG жеңіліп қалса да, оған айып таға қоймас. Қазақстандық боксшыға бұл қысым болмайды. Ол чемпион екенін талай мәрте дәлелдеген. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer