КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА AZERBAIJAN AIRLINES БЛИЗ АКТАУ: ONLINE-ТРАНСЛЯЦИЯ
03 июня 2019 | 20:10

"Менің құдай екенімді білмедің бе?". Трэш-ток королі Мұхаммед Әли

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Осыдан 3 жыл бұрын "бокс королі" атанған әйгілі боксшы Мұхаммед Әли дүниеден озды. "Бокс королі" тек рингте емес, рингкке дейін де қарсыластарын сөзбен соққыға жығатын. Көптеген басылым оны трэш-токтың негізін қалаушы деп атаған. Tengrinews.kz тілшісі әлемнің ең үздік боксшысы атанған Мұхаммед Әлидің атышулы трэш-токтарын еске түсіреді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Осыдан 3 жыл бұрын "бокс королі" атанған әйгілі боксшы Мұхаммед Әли дүниеден озды. "Бокс королі" тек рингте емес, рингкке дейін де қарсыластарын сөзбен соққыға жығатын. Көптеген басылым оны трэш-токтың негізін қалаушы деп атаған. Tengrinews.kz тілшісі әлемнің ең үздік боксшысы атанған Мұхаммед Әлидің атышулы трэш-токтарын еске түсіреді.

Мұхаммед Әли - Джо Фрейзер

1971 жылдың 8 наурызында "Ғасыр жекпе-жегімен" атанған бокс кеші өтті. Мұхаммед Әли қарсы шаршы алаңға Джо Фрейзер шықты. Бокс кешінде барлық танымал тұлға жиналған еді. Бокс жанкүйерлері үшін маңызды оқиға теледидар арқылы жиналып көрген бүкіл әлем жұртын тебіренткен еді. Мұхаммед Әли кездесу алдындағы баспасөз мәслихаттарында қарсыласына түрлі сөздер айтып, оның намысына тигісі келді. Бокс королі қарсыласына "жарымжан", "горилла" деген сияқты дөрекі сөздермен тиісетін.


© youfight.info

Әрине мұндай қылықтарына Фрейзер де сөз қайтаратын. Бірақ Мұхаммед Әлидей шешендігінен оның еш қарсыласы аса алмады. Тіпті атақты боксшы жұдырықтасу кезінде Фрейзерге соққы жасауға мүмкіндік беріп, жақындағанда құлағына "Менің құдай екенімді білмедің бе?" деп айтып үлгерген. Бұл жекпе-жекте Мұхаммед Әли кәсіпқой рингте бірінші рет жеңіліс тапқан. Бірақ ол бұл жеңілісінде тұрған ештеңесі жоқ деп мәлімдеді. Мұхаммед Әли мұндай қайсар мінезін әрқашанда көрсетіп жүрді. Кейін Әли Фрейзермен бірнеше рет кездесті. Соңғы жекпе-жегінде ол қарсыласын жеңген.

Мұхаммед Әли - Сонни Листон

Олимпиада чемпионы болғаннан кейін 1964 жылы Мұхаммед Әли сол кездегі чемпион Сонни Листонмен жұдырықтасты. Бұл кездесу де у-шусыз болған жоқ. Мұхаммед Әли Сонни Листонның залының жанында автобусқа мініп алып, "Дәу, сұрықсыз аю" деп айқайлаған. Бұл айқайымен Әли жекпе-жек болатын қаланың әуежайында да Листонды қарсы алған. Жүйкесі сыр берген қарсыласы оған жұдырық ала жүгірген. Бокс королінің қарсыласынан күткені осы еді.


Сурет: yandex.com

Сөйтіп ол дегеніне жеткен. Бұл қылықтарын көргендер Мұхаммед Әли шын мәнінде қорықаннан осылай істеді деп пайымдаған. Осындай дөрекі сөздер арқылы ол өз қорқынышын жасырғысы келеді дейтіндер де болған. Бірақ бұл жекпе-жекте "бокс королі' жеңімпаз атанды: 6-раундта Листонды нокаутқа түсірді. 

Мұхаммед Әли - Джордж Форман

Бұл кездесу 1974 жылы болған. Жекпе-жекке бірнеше күн қалғанда Мұхаммед Әли қарсыласына психологиялық шабуыл жасай бастайды. Бірақ куәгерлер Джордж Форманның ондай шабуылдарға мән бермегенін айтқан. Сол кезде Әлидің Джордж Форман туралы айтқаны тарихқа енеді: "Мен Джордж Форманның өз көлеңкесімен жұдырықтасуын көрдім, оны көлеңкесі жеңіп кетті".

Керек десеңіз "бокс королі" рингкке шыға сала "сен менің кездесулерімді бала кезіңнен тамашалағансың, қазір өз мұғаліміңді кездестірдің" деген. Кездесуді Әли жеңіспен аяқтап өзін жеңілмейтін ұлы боксшы деп жариялаған.

Мұхаммед Әли - Флойд Паттерсон

"Мен оны соққыға жыққаннан кейін, бас киімін кию үшін көмекке жүгінеді" деген сөздермен кездесу алдында Мұхаммед Әли Флойд Паттерсонға шабуыл жасаған. Бұдан кейін Әли Паттерсонды жаттығу залына бір сөмке толтырылған сәбізбен барып оны қоян деп мазақтаған. Рингте де Әли қарсыласын "ақ америкалық" деп, кекеткен. 


Сурет: boxingblog.ru

Бірақ Паттерсон бұл дөрекілікке жауап қайтара алмаған. Ол кездесу бойында Әлиден таяқ жеген. 12 раундта Паттерсонның жаттықтырушысы соңғы раундта жекпе-жекті уақытынан бұрын тоқтатуға мәжбүр болған. 

Мұхаммед Әли - Джордж Чувало

Әли - Джордж Чуваломен 1966 жылы кездескен. "Бокс королі" қарсыласын "ыдыс жуғыш" деген. Сонымен қатар Әли бұл жекпе-жектің тым оңай болатынын айтқан. Бірақ Чувало да қарсыласымен сөз таластырған. Ол өзінің мықты боксшы екенін айтумен болған. Ал Мұхаммед Әли қарсыласын менсінбей қойған. Бірақ ол шынымен де рингте өз сөзін дәлелдеді. 12 раундқа созылған кездесуде Әли жеңімпаз болады.


Сурет: boxvideo.ru

Бокс мамандары Мұхаммед Әлидің қарсыластарымен бұлай дөрекі сөйлесуі тек психологиялық шабуыл емес деп талай шолу жасаған. Сонымен қатар, бұл сол кездің трэш-токтары, яғни мұндай әдістер арқылы жұрт назарын жекпе-жекке қаратудың тиімді жолы. Өйткені адамдарға шоу қажет. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 516.01  course up  536.3  course up  5.17  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer