ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
10 января 2020 | 22:00

Садриддин Ахмедов "Канело", елдегі бокс және отбасы туралы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

ПОДЕЛИТЬСЯ

WBC Youth World және WBC Asia белбеулерінің иегері Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

WBC Youth World және WBC Asia белбеулерінің иегері Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сұхбатында қазақстандық боксшы спорттың бұл түріне қалай келгені, отбасы, жекпе-жектегі қорқынышы және ерекше есімінің мағынасы туралы әңгімелейді. Сондай-ақ, ол шетелде және өз елінде жаттығудың ерекшеліктеріне тоқталып, әр кездесуіне дайындық жұмыстары қалай жүретінін баяндады.

"Әр жұмыстың тәртібі болады. Сол режимді ұстансаң, табыс табасың. Қазақ елінде жүргенде спортшыларда тәртіп болмайды. Жаттығу уақытылы болмай қалуы мүмкін. Ал шетелде басқа нәрсеге ойың бөлінбейді. Қазақстанда әуесқойда жүрдім, шетелге кетіп, кәсіпқойға ауыстым. Кәсіпқой боксқа келер болсақ, елімізде енді дамып жатыр, оны түсінетіндер біздің елімізде аз", - деді боксшы.

Оның айтуынша, дәл қазір біздің елде жаттықтырушылар аз.

"Менің осында Ернұр деген жас жаттықтырушым бар, өзі спортқа қатты қызығады, мен шетелде қандай жаттығу жасасам, ол Қазақстанда маған сондай жаттығу жасата алады. Шетелде жаттықтырып жүрген, үлкен рингке шығарып жүрген жаттықтырушылар мен біздің жаттықтырушылардың дәрежесі тең деп айта алмаймын. (...) Қазіргі біздің жаттықтырушылар шетелге барып, тәжірибе жинағанын қалаймын. Қалай дайындайтынын, қай уақытта қалай дайындайтынын білетін жағдайға жетсе деймін. "Мың рет естігенше, бір рет көр" деген сөз бар", - дейді 21 жастағы спортшы.

Садриддин Ахмедов жекпе-жектерінде шоу элементтерін қосуға деген көзқарасын да айтты.

"Өзім спорт жолында кішкене болсын шоу қосуға тырысамын. Алтыншы жекпе-жегімде гладиаторлардың сауытымен шыққан болатынмын. Бұл нәрсе негізі керек. Есте қалудың бір формасы. Шетелде қарапайым болып шықсаң, қызығушылығын оята алмайсың. Ал шоу элементтерің болса, адам қызығып, келесі жекпе-жегіңе досын алып келеді. Барлық шоу элементін мен өзім ойлап табамын. Әрине, ақылдасамын, сұраймын. Әкеммен, промоутеріммен, бауырларыммен ақылдасамын", - деп пікірін білдірді қазақстандық спортшы.

"Мен осы үш-төрт жылдың ішінде әлем чемпионы болуды мақсат етіп отырмын. Кем дегенде бір белбеуді жеңіп алу. Гена ағамызды жеңген мексикалық "Канеломен" шығу - армандарымның бірі. Болашақта сол жігітпен жұдырықтасқым келеді. 24-25 жасымда өз шыңымда боламын, ол Гена ағамызға солай жасады. Ол 2014-2015 жылдары Генаға ресми үміткер болып тұрғанда белбеуін бере салды. Өйткені Гена ағамыз ол кезде жанып, от болып тұрған. Ал уақыты өте келе өз ойын іске асыра бастады. Сол үшін промоутерің, жаттықтырушың ақылды болуы керек, сонда белестерге жете аласың", - дейді Ахмедов.

Сондай-ақ, сұхбатында ол өзін Геннадий Головкинмен салыстырғысы келмейтінін, бизнеспен айналысуға деген көзқарасын және алға қойып отырған мақсаттарын айтып берді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SOLDIER OF QAZAQ(S.O.Q) (@sadriddin_____soq)

Ал жұбайы туралы пікір білдіре отырып, боксшы КешYou тобының экс-солисі Ақбота Құрманғалидің бұл топта өнер көрсететінінен бейхабар болғанын және қазіргі уақытта ән айтуға тыйым салғанын айтты.

"Дәл қазір ән айтамын дегеніне рұқсат бермейтін едім. Бірден "ән айтпайсың" дедім", - деп ашығын айтты Садриддин Ахмедов.

Айта кетейік, "The Эфир" бағдарламасының мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы Facebook, Instagram және Telegram желісінде.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 496.01   523.53   4.96 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети