ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
15 октября 2018 | 21:18

"Ұлымның бір ғана жекпе-жегін көрдім" - Бейбіт Шүменовтің анасы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Cәуле Елемесқызы. Видеодан үзінді Cәуле Елемесқызы. Видеодан үзінді

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Жұлдыз туған аналар" тақырыбы аясында спортшы, әнші, ақындардың аналары отбасылық сырларын бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Жұлдыз туған аналар" тақырыбы аясында спортшы, әнші, ақындардың аналары отбасылық сырларын бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жұлдыз туған аналар бағдарлама барысында екінші рет шығып отыр. Өткен бағдарламада қонаққа Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыгүл, Данияр Елеусіновтің анасы Ғалия және ағайынды Жүгінісовтердің анасы Айнұр Жүгінісова болған еді.

Бейбіт Шүменовтің анасы Cәуле Елемесқызының айтуынша, ол ұлының тек бір ғана жекпе-жегін көрген және әлі күнге дейін спортты тастауын сұрап келеді екен.

"Бейбіт балабақшаға барып жүрген кезінде Брюс Лиге қатты еліктеп, соның кітаптарын оқып, фильмдерін көріп, дисклерін жинады. Үйде әжесінің мәсісін киіп алып, диваннан диванға секіріп, Брюс Ли болып жүретін. Басында кикбоксингке барып жүріп, кейін боксқа ауысты. Мен өзім айтам: "Бейбіттің салған ауыртпалығы, уайымы жетеді, сол себепті немерелерімді боксқа бермеймін. Бейбіттің бір ғана жекпе-жегін көрдім, оның өзінде білмей қалдым. Одан кейін көрген емеспін, жүрегім ауырады", - дейді Cәуле Тоқаева

Cәуле Елемесқызы өзге елде тұрып жатқан ұлы Бейбіт Шүменовтің анасы боксшының елге қашан біржола оралатынын айтты.  

Бағдарлама барысында Жадыра Сахиеваның анасы оған бала кезінде пердені қиғаны үшін қатты ұрысқаны жайлы айтты. 

"Аллаға шүкір, екі баланы тәрбиелеп жатырмыз. Қазір немерелерге ауыстық. Негізі бәрі тәрбиеге байланысты. Мектеп, университет немесе далада болсын, барлығы да ошақтың басында қалай болғанына байланысты. Тәрбие болғанда да "Сен андай бол, мындай бол" деп ешкім ешуақытта тәрбиелемейді. Тәрбие көргенділіктен басталады. Ата-ана не істейді, бала соны қайталайды. Менің негізгі мамандығым - мұғалім, кеңес одағы кезінде таңнан кешке дейін жұмыста болдық. Қызым Жадоның (Жадыра) арқасында 35 жасымда аяқастында хореограф балетмейстер болдым", - дейді Күлшар Айдәулетқызы.

Дизайнер Жадыра (Жадо) Сахиеваның анасы Күлшар Айдәулетқызы қызының тұрмысқа ерте шыққанына ренжігенін айтады. 

 

Алтын алқа иесі, ақын, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Моңғолия жазушылар одағының мүшесі, айтыскер ақын Дәулеткерей Кәпұлы мен журналист әрі ақын Есенгүл Кәпқызының анасы Егеухан Мұхамадиқызы ұл-қызының ақындық өнері қайдан келгені жайлы айтып берді. 

"Дәулеткерейдің әкесі - ақын, атбегі, 50 жыл ұстаз болған адам. Екеуміздің жинағымыз бірге шығып тұрды. Ақындық менен ғана тарады деуге болмайды. Жолдасым Кәптің әкесі "халық жауы" деп ұсталып кеткен молда болған екен. Сол себепті осы ақындық арғы атасынан да дарыған болар. Менің анам айтыскер ақын болған кісі. Хат танымаса да біреудің айтқан жырын қағып алып, екінші бір жерде өзі жатқа айтып отыратын болған", - дейді Егеухан Мұхамадиқызы.

Сонымен қатар, ол кісі келіндері жайлы сөз қозғады. 

Бағдарлама барысында айтыскер ақын Мұхтар Ниязовтың анасы Жұмагүл Оңғарбаева мен әкесі Мұхтарды айтысқа қалай қызықтырғаны жайлы айтып берді. 

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 27 маусымнан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма аралығында көрсетілетін болды. Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer