ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
14 мая 2020 | 17:54

Күзге қарай баспана арзандайды - ТҮҚЖБ басшысы

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова TENGRI TV тікелей эфирінде "5-10-20" бағдарламасының шарттарын түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова TENGRI TV тікелей эфирінде "5-10-20" бағдарламасының шарттарын түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Банк төрайымы "5-10-20" бағдарламасы коронавирус пандемиясының салдарынан дағдарысқа ұшыраған "экономиканы" қолдауға арналғанын атап өтті. Сондай-ақ бұл бағдарлама арқылы тек жаңа үйден пәтер алуға болады.

Ләззат Ибрагимованың айтуынша, нарықта жаңа үйлер көбейсе, күзге қарай  бұрын пайдалануға берілген үйлер арзандайды. 

"Бұл бағдарлама Үкіметтің экономикалық саладағы дағдарысқа қарсы шараларының аясында қолға алынды. Сондықтан екінші деңгейлі (вторичное жилье - авт.) үйді қарастырмаймыз деп шештік. Мұны нарықта үй бағасының көтерілмеуі үшін жасап отырмыз. Біз елдегі ипотекалық несиенің 60 пайызын құрап отырған банк ретінде күзге қайталама нарықтағы үйлердің бағасы төмендейді деп ойлаймыз. Ал, құрылысы енді аяқталған жаңа үй тарапынан ұсыныс көп болса, екінші деңгейлі үйлердің бағасы төмендейді", - деді банк басшысы.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11 мамырда өткен мемлекеттік комиссияның отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі халықты үймен қамтамасыз ету үшін "5-10-20" несиелік бағдарламасын бастайтынын айтты. Министрлік өкілдері бағдарлама арқылы баспананы кім және қалай алатынын түсіндірді. 

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ өкілдері "5-10-20" бойынша баспаналы болғысы келетін қазақстандықтар не білуі тиіс екенін айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.34   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети