СКАЧИВАЙТЕ НАШЕ ПРИЛОЖЕНИЕ

"25 келі тастадым". Танымал актер Әбунасыр Серіков ауыр сырқаты жайлы айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Әбунасыр Серіков © instagram.com/abeke.serikov Әбунасыр Серіков © instagram.com/abeke.serikov

Желіде танымал актер Әбунасыр Серіков ауыр дертке шалдықты деген ақпараттар тарап кетті. Бұл туралы актердің өзі "Ревю" бағдарламасына берген сұхбатында айтқан еді. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Желіде танымал актер Әбунасыр Серіков ауыр дертке шалдықты деген ақпараттар тарап кетті. Бұл туралы актердің өзі "Ревю" бағдарламасына берген сұхбатында айтқан еді. 

"Төрт жылдан бері емделіп, қатты науқастанғаннан кейін қазір гастрольге шыға алмаймын (...). Мен өзім науқастанғаннан кейін 25 келі тастадым. Енді-енді екі-үш келі қосып, өз-өзіме келе жатырмын. Қазір ауруханада тіркеуде тұрамын. Маған дәрісін береді. Дәрісін таңертең, түсте және кешке ішемін. Сондықтанда өз-өзіме енді келе жатырмын", - деген еді актер "Ревю" бағдарламасында. 

Tengrinews.kz тілшісі актердің администраторы Әбілқайыр Ахметовпен байланысып өнер иесінің жағдайын білді. 

"Сыртқаттары белгілі. Емделіп жүргеніне 3-4 жылдай болды. Арқасының жарығы (грыжа) және қант диабеті бар. Содан емделіп жүр", - дейді актердің администраторы. 


© instagram.com/abeke.serikov

Әбілқайырдың айтуынша, актерге отаны арқа жарығына байланысты жасаған. 

"Содан кейін арқа сүйегіне бездер жабысып қалған. Соны емдеп жатыр. Қазір шетелде емес, елімізде емделіп жатыр", - дейді Әбілқайыр Ахметов. 

Айта кетейік, "Нысана" әзіл-сықақ театрының директоры Әбунасыр Серіков соңғы кездері отандық фильмдерге де түсіп жүрген танымал актер. Өнер жолын "Бауыржан-шоу" театрында бастаған актер бұған дейін "Келинка тоже человек", "Брат или брак", "Брат или брак-2", "Семьянин", "Аташка на хайпе" және басқа да фильмдерде басты рөлдерде ойнаған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 496.53  course up  542.91  course up  6.11  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer