"Алматы алақандағыдай". Бұл режиссер Еркін Рақышевтың "Жаралы жүрек" фильмінен халық арасында тез тарап кеткен, жиі қолданылатын тіркеске айналып кеткен сөздер. Осыдан 10-15 жыл бұрын түсірілген фильмдердің сапасы қазіргімен салыстыруға келмесе де, ол фильмдер әркімнің жүрегінен ерекше орын алып тұратындай. Қазақстандықтар DVD-ден көрген фильм актерлері бүгінде немен айналысып жүр? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.
"Алматы алақандағыдай". Бұл режиссер Еркін Рақышевтың "Жаралы жүрек" фильмінен халық арасында тез тарап кеткен, жиі қолданылатын тіркеске айналып кеткен сөздер. Осыдан 10-15 жыл бұрын түсірілген фильмдердің сапасы қазіргімен салыстыруға келмесе де, ол фильмдер әркімнің жүрегінен ерекше орын алып тұратындай. Қазақстандықтар DVD-ден көрген фильм актерлері бүгінде немен айналысып жүр? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.
"Жаралы сезім"
Бұл фильмді 2007 жылы "Жас ұлан" студиясы түсірген. Режиссері - Еркін Рахышев. Фильм сюжеті бойынша, қаншама қиындықтан өтіп, ата-анасы олардың қосылуына қанша қарсы болса да берік махаббат арқасында "алақандағыдай Алматыда" қайтадан кездесіп, бас қосқан Қанат пен Арай туралы. "Жаралы сезім" режиссер Еркін Рақышевтың алғашқы туындыларының бірі.
Айта кетейік, Еркін Рақышев кино әлеміне кездейсоқ келген. Бұл туралы ол "Дидар" газетіне айтып берген екен.
"Мұның бәріне кінәлі әйелім. Бірде тамақ ішуге түскі асқа келсем, әйелім өзбектердің түсірген "Фатима мен Зухра" деген киносын көріп, жылап отыр екен. Мен "тамақ дайында" десем, "тамақ дайын тұр, барып салып, іше бе" дейді. Есіл-дерті кино, маған тіпті көңіл бөлетін түрі жоқ. Сөйтіп, іштей ренжіп, тамағымды іштім. Әйелім киноның ішіне кіріп кеткен. Киініп қайтадан жұмысқа кетіп бара жатып әйеліме: "Мен бұдан да жақсы кино түсіремін" дедім. Әйелім "сен алдымен түсіріп ал, содан кейін айтасың" дейді. Оның бұл сөзі менің намысыма тиді. Жұмысқа барғаныммен, өзімді қоярға жер таппаймын. Сол күннен, сол сәттен бастап, болашақта түсіретін киномның сценарийін ойластыра бастадым. Содан не керек, тура алты ай өткенде "Жаралы сезім" деген кином шықты ғой. Әйелім оны да жылап отырып тамашалады. Одан кейін "Жетімдерді" түсірдім. Осылайша кино әлеміне қалайша еніп кеткенімді өзім де байқамай қалдым", - деген екен режиссер.
Арайды сомдаған Регина Шамгунова бүгінде тұрмыста, бір ұлы бар. "Жаралы сезімнен" кейін ешқандай фильмге түспеген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ал фильмде басты рольдегі Қанатты Берік Арықбаев сомдаған. Бүгінде ол отандық телеарналардың бірінде режиссер болып қызмет етеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ал фильмде "Бокс" лақапатымен белгілі Ақылжан Мақашев кино әлемінен алыстамаған. Актер бұл фильмнен кейін де бірнеше фильмге түскен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Фильмде күніне бір қазақша сөзден жаттап жүрген Иванның шын есімі Виталий Куприянов. "Иван" да кино саласында жүр. Ол Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген. Одан бөлек, Виталий "Обратная сторона" және "Виртуальная любовь" фильмдеріне де түскен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ал "Сократ" - Еркебұлан Тасынов бүгінде режиссерлікпен айналысып жүр.
Фото: instagram.com/berik_arykbayev
"Астанаға көктем кеш келеді"
"Астанаға көктем кеш келеді" фильмінде Назымның рөлінде Арай Орақбаева ойнаған. Ол бұл фильмнен кейін де бірнеше жобаға түскен. Алайда көп адам актрисаны "Астанаға көктем кеш келеді" фильмі арқылы танып жатады екен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Негізі "Астанаға көктем кеш келеді" фильмінен басқа бірнеше фильмге түскен едім. Бірақ халық мені сол фильм арқылы таниды. Бірнеше жылдан Еуразия кинофестивалінде қызыл кілемнен өткен кезде Еркін Рақышев "Арай, қаншама киноға түсіп жүрсің, бірақ сені осы фильм халыққа танылтқанын мойындайсың ғой?" деді. Бұл ең алғашқы фильмім" деген екен актриса "Таңғы хабар" бағдарламасында.
"Жетімдер"
Бұл фильмді де режиссер Еркін Рақышев түсірген. "Брод" сайтының мәліметінше, бұл фильм сол кездегі "Қазақстан" (Qazaqstan) телеарнасының тапсырысымен түсірілген. Фильм кинотеатрға шыққаннан кейін аншлаг болған. Бірақ артынша фильмнің пираттық дисктегі нұсқалары шығып кеткен екен.
Фильмде басты ролдердің бірін Меруерт Қасымбек ойнаған. Ол "Жаралы сезім", "Менің де атым Қожа" фильмдеріне де түскен. Жас актрисаға одан да бөлек ұсыныстар түскен. Алайда оған ұсынылған фильмдер көбіне трагедия, сценарийі ауыр болғандықтан оның ата-анасы түсуге рұқсат бермеген екен.
"Жетімдер" фильмінің кадры
Меруерттің фильмдегі ағасы Арманның ролін Нұржан Рүстенов ойнаған. Алайда Желіде актер туралы ақпарат жоқ.
"Менің де атым Қожа"
Режиссер Еркін Рақышевтың бұл фильмді түсіруіне "Менің атым Қожа" фильмі түрткі болған. Абдолла Қарсақбаевтың Қожасы ғарышкер болуды армандаса, екінші Қожа президент болуды армандайды.
"Бәрі "Менің атым Қожа" фильмін біледі. Бірақ ешкім сол Қожаны сомдаған бала бүгін қайда жүргенін білмейді. Менің фильмімде Қожа есімді ауыл баласы анасымен қалаға көшіп, ересек Қожа - Нұржан Сегізбаев пен оның апайы Рая Мұхамедиярованы және басқа да актерлерді кездестіреді", - дейді режиссер.
"Менің де атым Қожа" фильмінің кадры
Желіде фильмде басты рольде ойнаған Жанұзақ Қалықұлов туралы ақпарат жоқ.
Балалар фильміндегі атақты актерлер қазір қайда?
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!