31 октября 2021 | 17:40

Дулыға Ақмолда қандай рольдерден бас тартады? #BizbenPodcast

Танымал актер Дулыға Ақмолда #BIZBENPODCAST жобасына қонақ болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Танымал актер Дулыға Ақмолда #BIZBENPODCAST жобасына қонақ болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өнерпаз жоба жүргізушілерімен бірге пандемияның театр мен кино саласына тигізген ықпалы, таяуда түскен "Сержан братан" сериалы туралы әңгімелеп, қандай рольдерден бас тартатынын айтып берді.

"Актер үшін қызық ештеңесі жоқ, ойнайтын ештеңесі жоқ рольдер келді. Ондай роль қызық емес. Бір роль болды, сценарийі керемет жазылған, бірақ менің табиғатыма келмейді. Фильм атауын да, режиссерін де айтпай-ақ қояйын, басты рольлде ойнау керек болды. Бірақ ол ауырып жатқан анасын қиналмасыншы деп жастықпен тұншықтырып өлтіру керек болады. Мен режиссерге рақметімді айттым, бірақ мына рольді ала алмаймын дедім. Мені ат, өлтір, граната лақтыр, бірақ кинода да мен шешемді өлтіре алмаймын дедім. Өзім жүз рет, мың рет өлейін. Бірақ анамды өлтіре алмаймын", - деді Дулыға Ақмолда.

Реклама
Реклама

Ол бас тартқан тағы бір роль туралы баяндады. 

"Нәрестенің өліміне бірінші себепкер мен боламын. Ол да басты роль. Бірақ мен басқа-басқа, нәрестенің өліміне себеп болғым келмейді. Кез келген адамның адами принцип, ұстаным дейді, міне мен үшін одан өткен қатыгездік жоқ деп есептеймін", - дейді актер.

Еске салайық, бұған дейін #BizbenPodcast жобасына журналист Жұлдыз Әбділда, стендапер Нұрмахан Мұқанұлы, фактчекер Думан Смақов пен тележүргізуші, актриса Жұлдыз Абдукаримова, тіл маманы Назгүл Қожабек, файтер Арман Әшімов, спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен мен әзілкеш Еркебұлан Мырзабек қонақ болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная