Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
13 октября 2021 19:44

"Масляковқа қарызымыз жоқ" - Еркебұлан Мырзабек "ИГРА" жобасы туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

BizbenPodcast жобасының бұл жолғы қонағы әзілкеш Еркебұлан Мырзабек болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


BizbenPodcast жобасының бұл жолғы қонағы әзілкеш Еркебұлан Мырзабек болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол қазақ әзілдері, КВН, ТНТ арнасындағы "ИГРА" шоуы туралы, "Жайдарман" мен өзі алып жүрген шоулар туралы әңгімеледі. 

Еркебұлан Мырзабек президенті Александр Масляковтың КВН-нен ТНТ-ға кеткендерге реніші туралы айтты. 

"Оның ренжитін орны жоқ. Мысалы, біз, "Спарта" командасы КВН ойнадық, шығармашылық жолында беретінімізді бердік, барлық жобасына қатыстық, жеңетін кубок, медальдарды жеңдік. Енді Александр Васильевичтің (Масляков - авт.) алдында қарызымыз жоқ. Қазір жас команданы дайындап жатырмыз. Әрі қарай жұмыс істеу керек. Сондықтан Масляков мырзаның ренжитін жайы жоқ деп ойлаймын", - деді әзілкеш.

Еске салайық, бұған дейін BizbenPodcast жобасының қонақтары фактчекер-журналист Думан Смақов пен тележүргізуші, актриса Жұлдыз Абдукаримова, тіл маманы Назгүл Қожабек, файтер Арман Әшімов пен спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен болған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.78   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети