ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
03 октября 2019 | 12:44

"Министрліктің құзыры жүрмейді". Ақтоты Райымқұлова қазақ тіліндегі субтитр проблемасын атады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ақтоты Райымқұлова Ақтоты Райымқұлова

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Аман Тасығанның Talklike YouTube жобасында шетелдік киноларға жасалатын субтитр неліктен нашар жазылатынын түсіндірді. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Аман Тасығанның Talklike YouTube жобасында шетелдік киноларға жасалатын субтитр неліктен нашар жазылатынын түсіндірді. 

Министрдің айтуынша, бүгінде аударма - бизнеске айналған. 

"Мысал ретінде айтайын. Ресейден келген фильм қазақша субтитрленген. Ол өте нашар аударылған, оны көрдік. Ресейге сұраныс жасасақ, "Біз Қазақстандағы аудармамен айналысуға құқығы бар компанияларға субтитр жасауға ұсыныстарымызды береміз" дейді. Қазақстандағы аудармамен шұғылданып отырған бизнес орталықтары осы жұмыспен айналысып, ресейліктерге ұсынады. Ресейліктер қазақша түсінбейді ғой. Яғни нашар субтитр туралы сұрақ сондай компанияларға қойылуы қажет. Бұған министрліктің құзыры жүрмейді", - дейді министр.

Сонымен қатар, министр театр әртістерінің жалақысын көтеру жоспарланып отырғанын айтты. 

"Биыл 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында мәдениет саласындағы қызметкерлердің айлық ақысы өсуі керек деп бізге тапсырма берді. Министрлік тарапынан біз қазір өңірдегі мәдениет ошақтары болсын, республикалық деңгейдегі театр қызметкерлерінің айлықтарына сараптама жасап, бүгінде Қаржы министрлігіне ұсыныстарымызды бердік. Осы саладағы қызметкерлердің айлық жалақысын егер мемлекет тарапынан қолдау жасалып жатса, республикалық деңгейде 40 пайызға дейін өсетін болады, ал өңірлерде 23 пайызға дейін өседі. Бұл - өнер саласындағы оның ішінде театр әртістерінің әлеуметтік жағдайының дамуына бірден бір қадам деп ойлаймын", - дейді министр.

Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, тек театр емес, кітапхана, музей, мұрағат қызметкерлірінің жалақысын көтеру жоспарланған. 

Сонымен қатар, министр бүгінде сахна әлемінде ашық киінетін әншілерге байланысты пікір білдірді. 

"Жалпы өзімнің жасым мен талғамыма қарай маған мұндай нәрселер ұнамайды. Қазақтың әдет-ғұрпы мен тағылымына сай келмейтін нәрселер деп ойлаймын", - дейді Ақтоты Райымқұлова.

Ақтоты Райымқұлова бағдарлама барысында тілші "Нені жоғалтудан қорқасыз?" деген сауал қойғанда министр жақында дүниеден озған анасын еске алып, көз жасына ерік берді. 

"Өзіме, жүрегіме жақын кісілерді жоғалтудан қорқамын. Содан сақтасын. Сағынып жүрмін. Анамды, әкемді, қайын атамды сағынып жүрмін. Олардың ақылдарын", - деді министр. 

Айта кетейік, Ақтоты Райымқұлова 1964 жылы 2 мамырда Алматы қаласында туған. Тұрмысқа шыққан, Оспан және Әлім есімді екі ұлы бар. Биыл 17 маусымда Ақтоты Райымқұлова Қазақстанның мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалды. 25 ғылыми еңбектің авторы. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 522.58  course down  549.54  course down  5.08  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer