Атамекен біздің Қызылордада əкімдікпен бірге толық форматты Кəсіпкерлерне қызмет көрсету орталығының ашылуын себепші болды. Алғыстан басқа айтарымыз жоқ.
Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру бастамасы ауылдағы ағайынды серпілтіп тастаған жоба болды. Қазір "бірігейік, тірлік жасайық" деген жандардың қатары көбейді. Атамекен енді осы кооаеративтердің жобаларын қаржыландыруға мұрындық болса.
Кəсіпкерлер де адамдар. Сол себепті қауіпсіздіктің бірінші кезектегі мəселе екенін жақсы түсінеді деп ойлаймын. Атамекен өкілдерінің тексеру кезінде уəкілетті органның жанында болуы кəсіпкерлер үшін жақсы жаңалық екен. Құқығы қорғалатынына сенімді болады.
Кəсіпкерлер бұл жағдайда түсіністік танытады деп үміттенемін. Уəкілетті органдар да "шаш ал десе, бас алмаса" болғаны. Атамекен дер кезінде қозғады мəселені.