Халық тарапынан праймериздегі әйелдер мен жастарға арналған квотаға үлкен қолдау көрсетілуі бұл топтағы азаматтардың Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайлауға қатысуының қаншалықты маңызды екенін көрсетуде.
Расымен де, қай кезеңде болмасын болашақтың қожасы жастар. М. Жұмабаев атамыз жырлағандай: Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты – Қырандай күштi қанатты. Мен жастарға сенемiн! Жігерлі қыз жігіттер, Елдің ертеңі, мемлекетіміздің тірегі.
"Жастары жалын жүректі, өршіл намысты елдің алар асуы биік болады" деп Елбасымыз барлық жастарға зор сенім білдіріп отыр. Сол себепті жастар күшімізді біріктіріп, еліміздің өсіп-өркендеуіне, көркейіп, гүлденуіне үлес қосып, Елбасы сенімін ақтауымыз қажет!
Уақытылы көп адамға көмегін берді. Осындай үлгі тұтар жастарымыз көп болсын. Карантинда қиындықтар болды, соның бәрін бірігіп жеңе білді. Қаншама еңбектері сіңді. Алғысымызды айтамыз волонтер жастарымызға! Жұмыстарына тек сәттілік тілеймін!