Қасым-Жомарт Тоқаев 2030 жылға дейінгі тұрақты дамудың күн тәртібін іске асыруға деген жалпы ұмтылыс аясында алдағы онжылдықтың шешуші маңыздылығын атап өтті. Оның ойынша, осы өршіл мақсатқа жету ұжымдық күш пен жауапкершілікті қажет етеді.
Мемлекет басшысы қазіргі жаһандық сын-қатерлерге алаңдаушылық білдірді. Атап айтқанда, ол көпжақтылық қағидаттарына, коронавирус пандемиясын жеңудегі қиындықтарға, жаңа қарулану қаупіне және дамудың стратегиялық мақсаттарына жетудегі өзгермелі табыстарға назар аударды.