Партияішілік іріктеуге қатысушылар маскаларды, қолғаптарды, зарарсыздандыру құралдарын пайдалануға, кемінде 2 метр әлеуметтік аралықты сақтауға, қол алысып амандаспауға және басқа да сақтық шараларын ұстануға міндетті.
Барлық іске қосылған үй-жайларда санитайзерлердің, байланыссыз термометрлердің қажетті мөлшері қамтамасыз етіледі, зарарсыздандырғыш құралдар пайдаланыла отырып, тұрақты түрде ылғалды тазалау жүргізіледі және кемінде тәулігіне 2 рет желдетіледі.