Нұр-Отан нақты және ауқымды істердің партиясы екеніне барлығының көзі толықтай жетті деп ойлаймын. Партияның алдағы 5жылдыққа қойған мақсаттары айқын түрде орындалады деп күтеміз.
Нұр Отан партиясы әр облыс, қала, аудан үшін айқын индикаторлармен және бюджеттік мүмкіндіктерге байланыстыра отырып, 216 жеке сайлау алдындағы бағдарлама әзірледі, алдағы уақытта сол бағдарламалардың барлығы толықтай жүзеге асады деп сенемін.
"Nur Otan" партиясы бұл сайлауға әбден дайын болды. Жүйелі және алдын ала дайындық жүргізілуінің нәтижесінде партия жеңіске жетті деп ойлаймын. Партияны жеңісімен құттықтаймын.