Жері үшін қаншама адам өмірін қиды. Ата аналары. Туыстары шу шығарып соғысты тоқтатыңдар демеді. Енді сайқал саясаткерлердің ықпалымен сол жерді бере салу оңай ма ? Елдің бетіне қалай қарайды? Жесір қалған ана, тентіреп кеткен жетімдкр, көзжастарын төгіп отырған қарттарға не дейді. Онда не үшін олар жанын қиды? Мұны тек сол жерден кетпей қалған халық ғана шешуі тиіс
Жалпы қызметінен босату кезінде себебі анықталып, баға берілуі тиіс. Егер қызметін дайықты атқара алмаса несалғырттық танытса немесе қойылған міндеттерді орындамаған болса сенмсіздік танытқан тұлға есебінде қайта басшылық қызметке тағайындамау керек. Ал, басшылар ауысса бәрін ауыстырып өзіне сенімді адамдарды тартуға тыйым салынсын. Ешқандау жауаптылық жоқ. Басшы қызметке сенім білдіріп тағайындалған тұлға есеп беруі тиіс. Ел үміт күтіп жүр
Кеш болмай трғанда Алматыға іскер әкім керек. Мүмкін Қасымбектің қолынан келетін шығар. Құрылысты шектеп, тек әлеуметтік-экономикалық тұрғыда маңызы бар обьектілерге рұқсат беру керек. Қатаң бақылау орнатылып, сейсмикалық талап күшейтілсін. Екінші, көлік қозғалысы мен жол құрылысындағы проблемалар, қоғамдық көліктің мәселесіне көп көңіл аударылса. Экономикасының дамуын жүйелі ұйымдастыру. Бизнеске барынша жағдай жасау, қолға алынып жатқан үлкен жобаларға қолдау көрсету. Алматы маңында салынатын кішіқалалардың жұмыстарына қаланың даму стратегиясын бағыттау
Өздегендерінен қайтпайды ғой. Кемшілікті мойындап, жұмыстың бағытын қзгертудің орнына халықаралық қаржы институтын ақымақ санайды. Мұнайдан түсетін ақшаға сене бермеңдер деп айтып жүргені қанша уақыт болды. Ұлттыққорданда ақша берілмесе үкіметтің шынайы жұмысы белгілі болады
Осыған дейін қайда қарадыңдар. Қанша мәрте ата аналар, тіпті жастардың өзі әскерге барудан қорқатынын айтып мәлімдеме жасады. Мәселені көтерген дурналимтерді мазақ етіп, әскери адамға жараспайтын қылықтар жасайды. Министрді барлық жауапты басшыларымен салғырттық үшін қылмыстық жауапқа тарту керек
Үлкен қылмыс ретінде көрсеткені дұрыс емес. Басқа қылмыс түрлерімен күресіп болды ма?Қызылорда облысының Қызылқұм, Қарақұм аймағында сексеуіл қалың болып өсіп кеткен. Барлығы қорық болып есептеледі. Шіріп елсіз далада құлап жатқаны қаншама? Қәзір елді мекендер газга қосылған, тек шалғай ауылдарда ғана сексеуіл мен жыңғылды пайдаланады. Сондықтан санитарлық мақсатта сексеуілді пайдалануға шектеулі түрде белгіленген аймақтарда рұқсат беру керек. Мұның несі резонанс
Билікте болғандар мен қәзіргі отырғандардың көбі осылай байыған. Оларға заң жоқ сияқты. Тек Президент араласса ғана тынышталады. Еліміздің болашағы Тоқаев Қ.К. мен қарапайым халыққа ғана керек сияқты
Депутаттардың санын азайтып, сапасын арттыру қажет. Азамматтарға депуттарды тікелей сайлау құқығын қайтарыңыздар. Партиялар сайлауға бәсекелестік негізде сайлау алды насихатқа қатыссын. Үміткерлерін насихаттасын. Партияда жоқ азаматтардың пікірі қайда? Үміткерлер тең жағдайда болуы тиіс
Полициейский мемлекет құрудан аулақ болыңыздар. Халықтың ызасын тудырасыңдар. Онсыз да елде құқыққорғау органдарына сенім төмен деңгейде. Қазақ қоғамында тәрбиеге аса көңіл бөлген. Түрмесіз де жандармсыз да елде тәртіп орнатқан. Халықтың мінез-құлқына байланысты заңдар реттелуі тиіс. Бірінші кезекте жемқорлық қауіпті болып тұр. Қалған қылмыс түрлерімен күресуге органдар қауһарлы.
Жемқорлықпен күрестің тиімділігі төмен. Себеьінің бірі- жазасы жеңіл. Айыппұл төлеу олар үшін ешқандай қиын емес. Жазаны қатайту еерек. Министрлер мен жоғары басшылықта отырған шенеуніктерді бизнестері дүріп тұр. Әйелдері мен туыстарының атына өткізіп қойған. Одардың орта тұрмыста тұрып жатқандары азғана. Елдегі байлардың кімдер екенін зерттеп көріңдер. Кәсіппен байығандар да аз емес. Шенеунік болғандардың қәзір қалай өмір сүріп жатқанын қараңыз
Жетім балаларды шетеддіктер асырап алғанда шу шығарып, бала сатты деп гуладыңдар. Сурагатты жолмен шетелдің адамына бала туып берудің айырмашылығы жоқ. Бұлда ақшаға туып береді. Спермасы шетел азаматынікі дейсің ба? Оны кім дәлелдейді. Құжат бойынша жасаудың ешқиындығы жоқ. Бұл тағы да сол бизнеспен айналысатын фирмалардың мүддесі емес деп кім айталады? Шетел азаматтары үшін сурагатқа тыйым салынуы керек.
Қанша батырлары. Не үшін өлді? Жерін қорғаймыз деп ұлы да қызы да жандарын ачмады. Енді ол жерді ерікті түрде тастап шығыңдар деген шарты ауыр. Әлімжеттік жасар тұр ғой
Халықты аяусыз суыққа қалдырған Рессей басшыларының әрекетін дұрыс санайтындар кімдер? Өздеріңе осындай жауыздық жасаса жақсы көресіңдер ма? Ешбір саяси мақсат халықтың көзжасына тұрмайды
Ірі фермерлер субсидияға таңылып отыр. Оны тоқтатсаң барлығы тез малдарын сатады. Ауыл шаруашылығы олай дамымайды. Малды субсидия алу үшін ұстайды. Субсидияны әділетті мақсатты беріңдер. Бағаны еркіне жіберіңдер.Ауылшаруашылығы оңай сала емес. Пайдасынан бейнеті мен шығыны көп. Мал өсірумен айналысатын шаруалар гағыз еңбектің адамдар
Бұл не болып кетті өзі? Көшелерде кептеліс көп, автотұрақ жетіспейді, кейбір көшелерде шұқырлар брлады, тағы да басқа дәлелді себептер брла тұра, ереже бұзуға мәжбүр брлады. Қитетсе қатаң жаза қолдану болып кетті ғой
Парламентте әрсаланы жетік білетін мамандар, ғалым-практиктер, ғалым-юристер мен саңлақ саясаткерлер отыруы тиіс. Саны елуден аспағаны жөн. Халқының санына қарай басқарушы аппаратта шағын болуы керек. Халықтың қажеттілігі мен әлемдегі өзгерістерге қарай жылдам шешім қабылдайтын, ақылды адамдар елді басқаруға жұмылдырылса екен. Әрине қрлы мен ары таза өз ұлты мен елін сүйетін азаматтар әркезде табылады. Кадрді таңдау кезінде пікір қайшылықтарына орай кедергілер мен шеттетулер болмауы тиіс. Қоғамда биліктің кейбір шешімдерімен келіспейтін немесе қарсы пікірі бар топтардың өкілдері де билікке араласатын жағдай жасалғаны дұрыс. Мәселе көп
Дұрыс. Конституция қайта жасалуы керек. Мемлекеттік органдардың саны азайтылуы керек. Депутаттар саны елуден көп болмағаны жөн. Депутаттарды азаматтар тікелей дауыс беріп сайлауы қажет. Партиялар өзара кандидаттарын ұсынып, үгіт жүргізсін. Депутаттарды партиялық тізіммен таңдау дұрыс емес. Бұл үлкен мәселе. Бізді шетелмен салыстыруға болмайды.