Мұнайға бай елде отыз жылда жаңа мұнайөңдейтін зауыттың салынбауы, жанар-жағармайды шетелден алуы сияқты ұят мәселе көп. Жалпы, елдегі экономиканы дұрыс дамыған деп айтуға келмейді. Қандай саланы қарасаңда көзбояушылық байқалады. Неге дұрыс экономикалық саоаптау жүргізілмейді? Билікке келген Үкімет өзінің жұмысын жақсы жағынан көрсетуге тырысады
Бал ұстаған бармағын жалайды деген өмірлік мақал бар. Мемлекеттік қызметте жүрген адам қосымша табыс табумен айналысатын болса, таза жүруі мүмкін емес.
Орта және шағын бизнестің бірқатар түрлеріне салық өсетіні анвқ. Қәзір қаншалықты өсетінін есептеп жатырмыз. Егер, еңбегімізге тұрмайтын болса, кәсіпкерлікті жабамыз немесе басқа түріне көшеміз. Заңды тұлғаға ғимаратты жалға береміз, жылдың кіріс онбес мллион шамасы. Қысқартылған тәртіпте жұмыс жасай алмаймыз.
Сөгіс, қатаң сөгіс, қызметтен босату деген жауапкершіліктен қорытынды шығарып жатқандары жоқ. Қайтадан басқа қызметке ауысып, түк болмағандай тайраңдап жүреді. Мұнан жауаптылық болмайды
Кішігірім кеңсені заңды тұлғаға жалға береміз. Упращенный 3% салық тлейміз. Енді 6% және тағыда басқа салық түрлері мен міндетті төлемдерді төлейтін боламыз. Себебі, нежилой помещение болса упращенный салық төлеуші бола алмаймыз ба
Ғимарат, кеңсе, қойма, гараж сияқты тұрғын үй емес мүлікті заңды тұлғаға жалға беретіндерді салық жүктемесі өсіп кететін болды. Оларды пәтерді жалға беретіндерден бөліп тастаған. Үкіметтің есебі бойынша олар көп табыс табады деп ойлайды. Мұндай кәсіппен күндерін көріп отырғандардың жағдайын неге қиындатып отыр
Ашық пікірін айтуға кедергі болмауы тиіс. Сынағаны үшін адамды кінәлауға, қудалауға жол бермеу керек. Адам дамимын, қызметімді жақсартамын десе сынды дұрыс қабылдап, өзәне сын көзбен қарағаны жақсы брлады. Ал, басшылар сын орынсыз немесе дәлелсіз, жалған болса оған ренжімеуі керек. Соңғы уақыттағы айтылған сынды тікенектей қабылдап, автордың ізіне түсу тәжірибесі абырой әкелмейді. Шын мәнінде әділдікпен дұрыстап тексеретін болса айтылған сын сөздердің астарынан бірталай былық шығады
Бұлар заңға бағынбайтындар ма? Әлі де мұндай пысықтар жетерлік. Һаң үстемдік құрмайынша елде әділдік болмайды. Кезінде бірталай былыққа қатысы болған болса неге жауапқа тартылмаған.
Жалпылама цифрлар. Көп қаржы жиналғанымен өңдеу зауыты салынбады. Ескі көліктерді сатып алу жұмыстары қалай жүргізілуде? Халыққа қанша ақша төленді? Сұрақ көп
Үш-төрт жыл болды ауылда тұратын інім төменгі пайызбен несие ала алмай жүр. Әкімдер өздері шығып құжаттар жинатады. Ақырында қаржы жетпеді деп берілмей қалады. Қәзір үміттенбейтін болды
Дұрыс. Депутаттардың санынан сапасы жоғары болуы тиіс. Депутаттар халықтың сұрауын, мұң-мұқтажы мен құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ететін жоғарғы заң шығарушы және оның орындалуын талап ететін билік ретінде тікелей халықтың жалпы дауыс беруімен салануы керек. Сонда олардан халық сайлау алды уәделері мен жұмыстарының нәтижесін сұрай алады. Партиялар өздерінің депутаттарын халыққа ұсынып үгіт жұмыстарын жүргізсін. Олардың да кандидаттары өзге кандидаттармен бірдей тең дәрежеде болуы тиіс. Партиялық тізіммен депутаттардың сайлануы тікелей халықтың алдында жауапты болмайды. Ал, партияларға халық сене бермейді және қарапайым адамдардың алдында партиялардың беделі жоқтың қасы. Халық сайлаған депутаттардан қорқудың қажеті жоқ. Бәсекелестік болады.
Бағаның өсетіні әлдеқашан айтылды. Теңгенің құнсыһданды, жанар май, газ, жарық қымбаттады. Мұның бәрі тауардың өзіндік құны мен тасымалдау шығынын арттыратыны белгілі емес па? Бұл жалпыға мәлім бергі жағы. Нарықтың қалай бағыт алатынын бұйыртса алдағы уақытта көреміз
Сразу статья нужен всем. Не деген қатыгездік. Дәрігер болып халыққа қызмет етуді таңдасаң, халықттың алғысы мен ашуына дайын болыңдар. Бүгінде адамдарда сабырлық жетпейді, ашушаң. Эгоист. Оған не дейсің. Дәрігер бол не мұғалім бол, немесе мемлекеттік қызметкер бол халыққа қызмет етуге жалданып келген қызметкер түсіну керек
Әлдеқашан қолға алатын дұмыс. Ломбард, автоломбард, МКО дегендер халықты қанап бітті. 45 пайызды бірден өндіріп алады, шарттар сұмдық. Жастар ақшадан иналған сәтте ешнәрседен тайынбай күн,түн демей алып жатыр. Әсіресе құмар ойынға әуестер, араққұмар адамдар салдарын ойламайды. Бұған бір шектеу қою керек