Елбасы настоящий лидер! Как он говорил в интервью, давно заметил Токаева и увидел в нем потенциал. Как сейчас мы видим, нынешний президент отлично справляется со своей работой и я думаю это заслуга полностью Елбасы
Тағдырдың салғанынан тартынбаған, халықтың сенімі мен үмітін арқалаған Президент қолына алған әрбір істі жүйелеп, өзіндік даму моделін жүзеге асыруға кіріскен еді
Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның жаңғыруына қосқан үлесі мемлекетті жаңғыртудың әлемдік теориясы мен тәжірибесіне еніп, алдағы уақытта мамандардың өзекті тақырыбына айналатыны анық
Ең жоғарғы халықаралық деңгейдегі мемлекеттік қайраткердің бойынан табылатын жоғары кәсіби біліктілік, жауапкершілік, көрегендік, парасаттылық, мінездің қайсарлығы, байсалдылық, ақылдылық қасиеттері Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғасына лайықты
Тәуелсіздік жылдары Тұңғыш Президенттің ел қуатын еселеуге қосқан еңбегі мен үлесі шексіз. Қазақ мемлекеті жаңғырды. Шекарамыз белгіленіп, мемлекеттік рәміздеріміз анықталды. Қазақстан әлемге танылып, ғаламдық саяси процестерге белсенді араласа бастады
Бүгінгі жаһандану дәуірінде ұлтымыздың болашағына қатысты ұлы бағдар ретінде еліміздің рухын көтеретін «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын Елбасы Н.Ә.Назарбаев жария еткен еді
«Желмаясына мініп, Жерұйығын іздеген» Асан қайғының идеясы халқымыздың ғасырлар бойғы аңсаған арманына ұласты. Бабаларымыз төрт құбыласы тең, қазығы берік, мамыражай тіршілігі бар мемлекет құруды, іші мен сырты бүтін мәңгілік ел болуды мұрат етті.
Қазақстан Тәуелсіздігі мен Елбасы еңбегінің бір-бірімен тығыз ұштасып жатқандығын, олардың бір-бірімен ажырағысыз егіз ұғым екендігін тарих алдымызға тартып отыр
Елбасы жаһандық ауқымдағы саясаткер ретінде дағдарыстың қайнарларын зерттеп қана қойған жоқ, сонымен қатар барлық деңгейде оны ығыстырудың жүйелік шараларын ұсынды
Қазақстандықтардың берік қолдауына арқа сүйеп, халқының жасампаздық күш-қуатына кәміл сенген Тұңғыш Президент теңдессіз экономикалық және саяси реформаларды табысты жүргізуді қамтамасыз ете білді
Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшылығына келген алғашқы сәттен бастап халықаралық және ұлтаралық мәселелер шиеленісінің шешуін асығыстыққа салмай, уақыттың талабына, қазақстандық жолдың ерекшелігіне үйлестіре, жан-жақты мүдделердің түйісу нүктесін таба білудегі даралығымен бірден әлем назарын аударды
Айбарлы Абылай аңсаған асқақ арманға, ұлы мұратқа бүгінгі ұрпақ жетті. Байтақ өлкеміздің шекарасын заман талабына сай халықаралық нормалармен бекітіп, әлемдік қауымдастықты мойындаттық
Өз заманында тарыдай шашылған қазақ руларын бір тудың астына жинаған Абылай ханның қызметі қандай болса, жас мемлекетіміздің негізін қалауда Елбасының еңбегі де соған пара-пар болатын
Соқтықпалы, соқпақсыз кезде тыңнан түрен салып, өзіне сенім артқан жұртын өркениетке жетелеген, әлеуетті мемлекеттердің қатарына қосқан Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының орны ерекше
Елбасымыз жеріміздің тұтастығын сақтай отырып, елдің іргесін сөкпей, татулық пен бірлікті, достық пен сыйластықты ту етіп көтеріп, тәуелсіздігі баянды, жасампаз Қазақстан мемлекетін құра білді