Жас ұрпақтың бойында Тұңғыш Президентке еліктеушілік, қызығушылық сезімдері қалыптасып, бұл қасиеттер елге деген сүйіспеншілікке жалғасып, патриотизмнің нығаюуына бірден-бір ықпал етті
Тәуелсіз қазақстанның шылбырын мықтап ұстап тұғырын биіктеткен қазақ екенімізді әлемге танытқан,алпауыт елдерді мойындата алған Елбасымыз туралы қандай теңеу айтсам да жарасымды
Елбасының көрегендігі мен ерік-жігерінің нәтижесінде Қазақстан әлемде тұңғыш рет ядролық қарудан бас тартып, Семей сынақ полигонын жабуы бүкіл дүниежүзінің назарын өзіне еріксіз аударған болатын. Осы бір батыл қадамның нәтижесінде мемлекетіміздің тәуелсіздігінің қауіпсіздігіне әлемнің іргелі мемлекеттері кепілдік берді
Кеңес үкіметі ыдырап, құрамындағы 16 мемлекет жан-жаққа тараған соң, алыс-жақын көршілермен саяси-экономикалық, әлеуметтік сауда-саттық саласында бауырластықты, тату көршілік қарым-қатынасты дамыту мақсатында тікелей Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Тәуелсіз мемлекеттер достастығы құрылды
Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан эволюциялық жолмен, бейбіт дамудың нәтижесінде саясатта, экономикада, халықаралық қатынастарда тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен биік белестерге көтерілді
Мемлекетіміздің атынан өкілдік етіп келе жатқан ең жоғары лауазымды тұлға Президент Н. Назарбаев еліміздің абыройын, атағын асқақтатып, Отанымыз Қазақстанның беделінің асқақ көрінісінің бірі – Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі болып табылады
Президент Н. Назарбаев мемлекет басшысы ретінде елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын кемеңгерлікпен айқындап, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік жүргізу құқығын Қазақстан Республикасы Конституциясына сай жүзеге асырып келеді
Елбасы елдің ел болып өркен жаюына, өркениетті мемлекет дәрежесіне танылуына білімі мен билігін, ойы мен парасатын, күш-қуаты мен жігерін жұмсап отырған киелі қайраткер
Елбасының арқасында Еліміздің мемлекеттік шекарасы белгіленіп, көршілес мемлекеттермен бұл тұрғыдағы құжаттарға қол қойылып, мемлекетіміздің қауіпсіздігі нығайтылды