Серик, дұрыс айтасың, жұмыс жасағылары келмейді ешкім, еріншекпіз көбіміз, қазақтар өзбектерге күлеміз менсінбей, бірақ олар сияқты еңбекқор бола алмаймыз. Қазақтарым, әзір асқа тық қасық болғанша, еңбектенейік, әркімді бір жамандай бермей.
Рахмет сізге Алтай мырза! Біздің сізге алғысымыз зор! Еххх қатты көңілім түсіп кетті бізден кетіп бара жатқаныңызды естігенде... Жұмысыңыз жемісті, отбасыңыз аман болсын!
оқып отырып жылап алдым, азаппен қаза тапқан екен, жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын... ағайын-тума, отбасында тек бақытты күндер болсын алдағы уақытта
Актау мен үшін ең романтичный қала! Теңіздің ауасы ол мүлдем бөлек, сұлулығына тіптен сөз жоқ. Теңіздің жағасында ойланып, суға қарап шәй ішіііп отырғанды жақсы көремін, термоспен шәй, шоколадымды алып шығып.
Оқыту программасы бұрыннан да бар. Менің жеке асханама собес 20 көпбалалы ананы практикант қылып жіберген еді. Тегін өту жөнінде келісіп. Әрине мен келістім. Бірақ! сол әйелдердің бір де біреуінің ынтасы болмады, үйренуге деген ниеттері жоқ, хотя біздер заманауи тамақтың торттардың түр-түрін шығаратын едік. Оны жұрттар мастер кластарға барып қымбат ақшаға үйреніп жүрсе бұлар тегін де үйренгілері келмеді. Келісілген екі аптаның бір күнін толық келсе келді келмесе сылтаулары бітпей келмеді. Ақыр соңында характеристика беру үшін мен бас тарттым. Үкіметтің есіл кеткен миллиард ақшасы ғой, бұларды тегін оқыту. Сол әйелдер акиматтан акимат қалдырмай ақша талап етіп жүр, аздап өздері де еңбектенуі қажет қой. Көпке топырақ шашпаймын, өзім көргенімді жазып отырмын.