Осындай жарыстарға барғанда, ақша жинап алады, дұрыс тамақ бермей балаларды арзан дошракпен тамақтандырады. Немереммен еріп жарысқа барғанда, апарған тренерлермен айқайласып, ескерту жасап келгенмін. Балаларға обал болды, барған 20 баладан 1-і ғана орын алды, мотивация берген тренерді де көрген жоқпын.
Бұл баяғыдан белгілі болды ғой,отырғандардың ұрлау үшін жасаған дүниелері ғой, баяғыдағы прихватизация сияқты, тексеріс жоқ, заң жоқ, рахат өмір ғой. Осындайлардың қолын шабу керек, сонда ғана ел боламыз. Келінімді тіпті Алматыда поликлинкаға қаралған деп шықты. Поликлиникаға барсаң орын жоқ, қарасаң врачта ешкім жоқ, өтірік адамдарды жазып, халық ақшасын талан таражға салып, талтаңдап жүр ғой.Сұмдық жағдай, ұятсыздар, құдайдан безгендер.
Саны бар да сапасы жоқ.Кезінде мед.институтқа екінің бірі түсе алмайтын еді, қазір коммунизм ғой, екіге оқысаң да врач оқуын бітіріп аласың.Одан не болсын. Емдей алмайды, қайта ауру қылады.
Бағдарламада ұялмай апамның шәйі деп жарнама жасап жүр ғой, ол шәйдің бояу екені белгілі ғой. Тек пайда табу ғой, халықты ойлап жатқан кім бар.Бетсіздер.
mserik, Дұрыс айтасың.Сатпаев жалғыз өзі не істейді. Қазақтардың жігіттерін алу керек, намысты өзбектер сияқты.Келіп кететіндер, неге керек бізге, тек ақша алып кететін. Нашар ойын көрсетті.
Дұрыс ойнамады, тек Дастан ойнап жүрген сияқты, жалғыз өзі не бітіреді.Сорокин, Громыко деген қандай футболистер, түк ойнау білмейтін сияқты ғой, біздегілер жүгіре алмайтын, тамаққа тойып алған ба? Өзбектердей неге қазақ жігіттерін алмайды, намысты жігіттерді,неге дайындамайды соларды. Үлкен адам мен түсіндім, ол команда қақпаға жақындаса гол салатынын. Нашар ойын болды.
Не мынау. Самолет бірінен кейін бірі құлап, қазағымыз қырылып жатыр.Масқара ғой, не сылтау айтар екен, не жағдай болды,өзінен өзі құламайды ғой.Қыршын кеткен, қазағым-ай. Боқ суға батып,мерт болған, сұмдық қой мынау. Армияда қаншама жастар мерт болып жатыр, басшылардың балдары неге бармайды Отан қорғауға, баяғы қара халықтың балдары жүрген.
Әрине, коорупция. Осы бастықсымақтарға не жетпейді,жалбақайлар сыйлық берсе өз ақшаларынан берсін,неге қызметкерлерден жинайды. Қарға қарғаның көзін шұқымайды дегендей,ұяттан безгендер, бір адамға бәрі жабылып,кінәлі қылып. Осындай құдайдан безгендер тұрғанда, шындықтың беті ашылмайды,бір бірінің артын жауып отырады, қарауындағы қызметкерлер қорқып бастарын бұттарына тығады,ұяттары жоқ. Шындық түбінде жеңеді, шындық іздеген қызметкерді Алла тағала қолдап,қорғап жүрсінші.
Атырауға келгенде осы кісінің алдына барғанмын. Қайта құру кезінде( перестройка емес перехватизация болған мезгіл ғой),үлкен құрылыс мекемелері жабылып, биліктегілер бар нәрсені талан таражға салып,иемденіп алып жатқан кезең еді ғой. Сол кезде заңсыз жұмыстан қысқартылып, қара халық босып кеткен еді қой,соның ішінде жалғыз басты ана болсам да, мен де болғанмын. Осы кісі келіп жатқасын,халық жазушысы халықты қолдайды деп алдына барғанмын ғой, қолдаудың орнына әр басшы өзі біледі, мен ештеңе жасай алмаймын деп шығарып салған еді, қиын кезең болды ғой.Жылдар өтті, қазір бәрі керемет, зейнеткер жастамын, бала-келін,немерелерімнің ортасында бақыттымын. Содан осы кісі есімде қалды. Иманды болсын!