Қолында қаруы бар адам ескертуге бағынбай, полицейлерге оқ атқан жағдайда басқа амал қалмайды. Тәртіп сақшылары өз міндетін орындады . Бұл – жұрттың қауіпсіздігі үшін жасалып отыр.
Учаскелік полиция инспекторлары – халықпен тікелей жұмыс істейтін, тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің алдыңғы шебінде тұрған қызметкерлер. Олардың басты міндеті – азаматтардың тыныштығын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және туындаған мәселелерді дер кезінде шешу.