Заң мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында адал қызмет етіп жүрген полиция қызметкерлерінің жұмысына негізсіз жала жабу арқылы кедергі келтірмеулеріңізді сұраймыз. Халық қазіргі басшылықтың да, қатардағы қызметкерлердің де өз міндеттерін қалай жауапкершілікпен атқарып жатқанын нақты көріп отыр.
Ал полиция қызметкерлеріне келетін болсақ, еңбектеріңіз ел тыныштығы үшін аса маңызды. Қызметтеріңізге сәттілік, амандық тілеймін.