Нұрғиса Тілендиев ауылында орналасқан приют ешқандай санитарлық нормаға, этологиялық талаптарға сай келмейді. 2024 жылы 15 тоннаға жуық иттерге беретін тамақтағры бұзылып, құрттап сасып бүткіл ауылға жағымсыз иіс тараған болатын. Онымен қоймай құрттап сасыған иттің тамағын ит асырап отырған аумаққа қазып көмген болатын. Бұл недеген бассыздық! Онымен қойман осы күнге дейін қорғанның сыртында иттердің тамағы сасып тұрады. Жер заң бойынша ауылшаруашылық мақсаттағы пайдаланудағы жер бола тұра, басқа мақсатта пайдаланып отыр. Заңды белшесінен басып отыр. Қаншама шағымдандық, әлі күнге нәтиже көрмей отырмыз. Бұл приют ашылғалы бері ауылымызда қаңғыбас ит қаптап кетті. Приюттің жабылуын талап етіп келеміз.