Меніңше, статистика бюросының деректері шындықты толық көрсетпейді. Мысалы, деректерде Вьетнамға туристік мақсатпен тек 13 500 азаматымыз барды делінген, бірақ жалпы барғандардың саны 270 мың шамасында. Сонда қалған 265 мың адам ол жаққа жұмыс істеуге немесе оқуға кеткен бе? Мұнда деректерді енгізу әдістемесінде қате бар деп ойлаймын. Өйткені Қытайдың туризм жағынан Түркиядан озып кетуі қазіргі таңда мүмкін емес.