Керім жақсы, зейнетақы шотындағы артық ақшамен ипотека төлемдерін жасап жүр едік. Оны да артық көріп, шекті бір сәтте 800 мыңға көтердіңіздер. Одан кейін «негізгі қарызды төлейсіңдер» дедіңіздер. Енді келіп, шекті 79 пайызға дейін көтеріп тастадыңыздар.
Бұл біздің жанұямызға үлкен көмек еді, енді соны да алып тастап жатырсыздар. Шекті мөлшерді тым жоғары етіп қойдыңыздар. Зейнетке шыққанда бұл ақша бәрібір жеткіліксіз болады, өйткені біздің мемлекетте инфляция өте жоғары. Неге қазір жақсы өмір сүрмеске? Сол ақшаны пайдаланып!