ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
26 июня 2020 | 15:58

Алматы облысында әкім 7 миллион теңге параны мал түрінде алған деген күдікке ілінді

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: meatinfo.ru Фото: meatinfo.ru

Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты ауылдық округінің әкімі қомақты пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты ауылдық округінің әкімі қомақты пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылдық округінің әкіміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған.

"Ол ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінді. Ол 7 миллион теңгенің малын пара түрінде алды деген күдікке ілігіп отыр. Әкім параны ауыл шаруашылығы қожалығының өкілінен ауданы 40 гектар болатын көлді жеке меншікке өткізу үшін алған. Көл шаруа қожалығының аумағында орналасқан", - деді ол Facebook желісінде өткен брифингте.

Тергеугі қазіргі таңда бұл факті бойынша тергеу жүріп жатқанын, күдіктінің кінәсін сот анықтайтынын атап өтті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети