ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
30 мая 2018 | 17:05

Алматылық қыз Интернетте жігітпен танысамын деп қомақты ақшасынан айырылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Иллюстрациялық сурет KZNportal.ru Иллюстрациялық сурет KZNportal.ru

Алматы қаласы Алмалы ауданының соты интернет арқылы танысқан қызды алдап, бір жарым миллиондай ақшасын алған жігітке қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі сот үкіміне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласы Алмалы ауданының соты интернет арқылы танысқан қызды алдап, бір жарым миллиондай ақшасын алған жігітке қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі сот үкіміне сілтеме жасап.

Іс материалы бойынша, 24 жастағы талдықорғандық интернет арқылы алматылық бойжеткенмен танысқан. Кейін онымен хат алмасып жүріп, сеніміне кіреді. Осыдан кейін ол қызды ата-анасы жол апатынан қайтыс болды, ал туыстары араласпай кетті деп алдаған. Осылайша, қыздың жанашырлық сезімін ояту арқылы алғашында 450 000 теңгесін алған. Мұны ол ата-анасының басына ескерткіш тас қоямын деген сылтаумен иемденген. Келесі күні ақша жетпей қалғанын айтып, бойжеткеннің құны 150 000 теңге алтын алқасын алып кетіпті. Одан кейін ата-анасының тірі кезінде алған қарызын қайтару керек деген сылтаумен тағы 200 000 теңге алады. Қыздың сеніміне кірген алаяқ соңғы рет қатерлі ісікке шалдықтым деп алдап, 600 000 теңге алған екен. 

Осылайша, ол бойжеткеннің сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен жалпы 1 400 000 теңге алған. 

Сот үкімімен ол ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда оның шығынды өтеуі мен қылмысын мойындағанына байланысты жазасы жеңілдетілген. 

"ҚР Қылмыстық кодексінің 53-бабының талаптарына сай, кінәсін толық мойындағанын, жасаған ісіне өкінгенін, бұрын сотты болмағанын, жастығын, жәбірленушіге келген материалдық шығын толық қайтарғанын оның жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар деп ескеріліп, 63-баптың талаптарына сай тағайындалған жаза шартты деп есептеліп, пробациялық бақылау белгіленді", - делінген үкімде. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course up  546.44  course up  5.14  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer