ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
23 апреля 2020 | 12:55

ҚАЖ комитетіне қарасты мекеменің 2 маманы 187 миллион теңге жымқырған деген күдікке ілінді

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлеріне қатысты 3 жыл 3 айдың ішінде 188 сыбайлас жемқорлық қылмыстық іс қозғалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлеріне қатысты 3 жыл 3 айдың ішінде 188 сыбайлас жемқорлық қылмыстық іс қозғалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің онлайн-брифингінде аппарат басшысы Қуаныш Жапақов ҚР ІІМ ҚАЖК мен ведомствоға бағынышты ұйым "Еңбек" РМК-дағы сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы қылмыстық статистикасын жариялады.

"Соңғы үш жыл мен 2020 жылдың 3 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өндірісінде аталған саладағы қызметкерлерге қатысты 188 сыбайлас жемқорлық қылмыстық іс жүргізілді. Оның ішінде, 138 қылмыстық іс өндіріспен аяқталып, 134 іс сотқа жолданды.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін ҚАЖ комитетінің 47 қызметкері әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру, бас бостандығын шектеу және айыппұл төлеуге сотталды.
Анықталған қылмыстардың ең көбі - парақорлық, қызмет бабын асыра пайдалану және жымқыру фактілері", - деді Қуаныш Жапақов.

Соңғы үш жыл ішінде "Еңбек" РМК-ның лауазымды тұлғаларына қатысты 30-дан астам қылмыс тіркелген.

"Мысалы, Алматы облысында ҚР ІІМ ҚАЖК түзету мекемелерінің "Еңбек Жауғашты" филиалының экс-директоры мен заңгеріне қатысты тергеу аяқталды. Олар жасалған жұмыстардың жалған актісіне қол қою арқылы облыстың 7 өрт сөндіру бөлімінің құрылысына бөлінген 187 миллион теңге сомасындағы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілініп отыр. Тек 2020 жылдың 1-тоқсанында ҚАЖ комитетіне Қылмыстық-процестік кодекстің 200-бабына сәйкес 30 ұсыным жолданды", - деді спикер.

Аппарат басшысының айтуынша, аталған мерзімде, жолданған ұсынымдарға сәйкес, осы мекеменің 30 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған және агенттік сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша ұсыныстар енгізген.

"Қызметінен босату - 4, мемлекеттік функцияларды атқарудан босату - 9, қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту - 5, қатаң сөгіс - 4, сөгіс - 6).  Агенттік бірнеше рет Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің "Еңбек" РМК-ның қызметін жақсарту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша ұсыныстар енгізді. Мысалы, Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 200-бабына сәйкес агенттік келесі ұсынымдарды енгізді. Үкімдердің орындалуының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында бас бостандығынан айыру орындарындағы ішкі бөлмелерін - камералар, тергеу бөлмелері, әкімшілік бөлім және т.б. - бейнебақылау жүйелерімен толық қамтамасыз ету" - деді Қуаныш Жапақов.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірнеше өңірінде жемқор шенеуніктер сотталды. Олардың қатарында селолық округтің есепшісі, өрт сөндіру қызметінің басшысы, полиция инспекторы мен басқарма басшысы бар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети