ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
01 мая 2020 | 17:49

"Құжатын тексермедік". Ернар Айдар алаяқтардан қалай алданғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры © TalkLike Видео кадры © TalkLike

Жақында ұтыс ойынын өткіземін деп басы дауға қалған Ернар Айдар Аман Тасығанның TalkLike бағдарламасында оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Жақында ұтыс ойынын өткіземін деп басы дауға қалған Ернар Айдар Аман Тасығанның TalkLike бағдарламасында оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ернар Айдардың айтуынша, алғашында әншіге екі ер адам ұтыс ойынын өткізейік деп ұсыныс жасаған. Ұйымдастырушылар алғашында бұған қарсы болған әншіні алдап-соққан. 

"Қазір ойлап отырсам, соның бәрін сеніп қалуым үшін жасаған екен. Олар көмекшіме "Келісімге жасайық, нотариалдық келісім болады. Біз өзіміз де Ернар Айдардың қасында тұрып, жүргізуші боламыз" деді. (...) Алдайды деп сенбейсің. Сол алдауына сеніп қалдық. Сол ұтыста керемет қайырымдылық жасаймыз деді. Сондай керемет сөздермен қалай сенгенімізді білмей қалдық", - дейді әнші. 

Ұйымдастырушылар әншіге тек жарнамаға жауапты екенін айтқан. Ойынның 100 пайыз әділ өтетініне кепілдік беретінін заң жүзінде растағандай болып көрсеткен. Әнші ұйымдастырушылар ойынға кепіл ретінде ұсынған лицензияның рас-өтірігін де тексермеген болып шықты. 

"Соны толық танысып, мен оқымадым. Мен сендім. Сенгенім соншалық, үйдегі ата-анам бұл жайлы білмейді, Талғат ағам "Қойсай, бұл өтірік шығар" деді. Мен аналарға сеніп қалғаным соншалық Талғат ағамды да сендіріп жібердім ғой. Сосын менің атымнан олар қайырымдылық жасаған. Ол видеоны да көрсетіп жатты. (...) Қазір қарап отырсам, барлығы ұйымдастырылған екен", - дейді әнші. 

Әнші ұтыс ойынының жүлдесі - автокөліктердің жалға алынғаны туралы пікірлерге жауап берді. Айтуынша, ұйымдастырушылар жарнама ролигін түсіруге көліктерді жалға алатынын, ал ұтыс ойыны өтетін күні шынайы сатып алынған көліктерді алып келетінін айтқан. 

"Себебі олар "Ақша жиналсын. Сол ақшаға сатып алып, әкелеміз" деді. Сосын болды, ол жерге мен мән де бермеппін", - дейді Ернар. 

Ернар Айдар ұтыс жүлдесі - Алматы қаласынан пәтердің мекенжайы қай жерде екенін де білмегенін айтты. Әншінің айтуынша, ол шынайы жүлделерді де көзімен көрмеген. Түсірілген алты жарнама ролигінде де әртүрлі пәтер көрсетілген екен. 

"Мен оған да мән бермедім, шыны керек. Ол жерде де күдік тумады. Кәдімгідей сеніміме кіріп алды да, сөйтіп мені пайдаланды ғой. Мен қазір өткеннен кейін, айтқан соң менің басыма тиіп жатыр. Мен соларды нақтылап сұрамағанмын ғой. Қайсы үй болады, қай жерде болады - күмән тудырмады", - дейді әнші. 

Ұйымдастырушылар әншінің гонорарын да алдын ала беріп қойған екен.  

Еске салайық, 24 сәуірде Ернар Айдар және тағы 12 адам бір ғимаратқа жиналып, тікелей эфирде ұтыс ойнатқаны үшін ұсталған болатын. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети