Медицина университеті студентінің өлімі: Прокурор айыпталушыны бес жылға соттауды сұрады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Бүгін Алматы қаласында Қазақ ұлттық медицина университетінің студенті Асылбек Жұмабаевтың өліміне қатысты сот отырысы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Алматы қаласында Қазақ ұлттық медицина университетінің студенті Асылбек Жұмабаевтың өліміне қатысты сот отырысы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сот отырысы №2 Жетісу аудандық сотында өтті.

Жәбірленушілер тарапы Жұмабаевты қағып өлтірген адамды 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Бірақ прокурор судьядан айыпталушыны бес жылға қамауды сұрады. 

Айыпталушының адвокатының айтуынша, ол жәбірленушілерден бір ай бойы кешірім өтінген. 

"Бұл абайсызда жасалған оқиға, онша ауыр қылмыс емес. Оның үстіне, ол бірінші рет істі болып отыр. Шын ниетпен өкініп, кешірім сұрайды. Асылбек Жұмабаевтың туыстарынан бір ай бойы кешірім сұраған, бірақ олар кешірмеді. Кешірім үшін қаражат та ұсынған, бірақ туыстары қабыл алмады", - дейді айыпталушының адвокаты. 

Артынша жәбірленушілер тарапы прокурордың ұсынысына келісіп, айыпталушыны бес жылға соттауды сұраған. Тек жалғыз талаптары - ол рақымшылықпен шықпауы тиіс. 

Сот барысында айыпталушы рөлге мас күйінде отырғанын мойындады. Ал бұған дейінгі сот отырысында ұйықтап кеттім деп айтқан болатын. Жәбірленушілер тарапы айыпталушының екі сөйлеп отырғанына наразылығын білдірді. 

Еске салайық, Қазақ ұлттық медицина университетінің екінші курс студенті курьер болып жұмыс істеп жүрген кезінде жол апатына ұшыраған. 1 шілдеде оның мопедін Солтүстік шеңберде жеңіл автокөлік қағып кеткен. Асылбек Жұмабаев ауруханаға аса ауыр халде түскен. Көптеген алматылық жастар қан тапсырып, жәрдемдескен. Кейінірек, 6 шілдеде Асылбек Жұмабаевтың қайтыс болғаны хабарланған. Әлеуметтік желілерде Асылбектің қарындасы айыпталушы жазадан құтылып кетпекші екенін хабарлап, дабыл қаққан.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer