ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
21 февраля 2020 | 17:06

Мойынқұмдағы сұмдық. Мәйітті ауласына көміп қойған адам жазадан құтылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Тараздың ауданаралық мамандандырылған сотында "Тараз" триосының әншісі Асылхан Шүңірековтің бауыры Кеңесхан Мәдіханұлын осыдан 22 жыл бұрын өлтірді деп айыпталған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Тараздың ауданаралық мамандандырылған сотында "Тараз" триосының әншісі Асылхан Шүңірековтің бауыры Кеңесхан Мәдіханұлын осыдан 22 жыл бұрын өлтірді деп айыпталған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соттың үкімі бойынша, айыпталушы 1998 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілетін 1997 жылғы 16 шілдедегі редакциядағы Қазақстан Республикасы ҚК-нің ережелері қолданылуға жататындықтан, қылмыстық жауапкершіліктен босатылыпты.

"Сот үкімімен Е.Т.Тилеужанов (1997 жылғы редакциядағы) Қазақстан Республикасы ҚК-нің 96-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, ол (1997 жылғы редакциядағы) ҚР ҚК-нің 69-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық жауаптылыққа тартуға ескіру мерзімінің өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды", - делінген үкімде.

Алайда сот Тілеужановқа жәбірленуші Қасымхан Шүңірековтің пайдасына материалдық залал ретінде - 500 000 теңге және моральдық зиянның өтемақысы ретінде - 5 000 000 теңге өндіру туралы міндеттеме қойған.

"Е.Т.Тилеужановтың жасаған қылмысы 1998 жылдың қараша айында болған, яғни қылмыс жасалғаннан кейін 21 жылдан астам уақыт өткен. Қылмыс Е.Т.Тилеужановтың жағдайын ауырлататын, 13 шілде 2014 жылғы редакциядағы Қылмыстық Кодекстің қолданысқа еңгізілуіне дейін жасалғандықтан, оған қатысты 1998 жылдың 01 қаңтарынан қолданысқа енгізілетін 16 шілде 1997 жылғы редакциядағы Қазақстан Республикасы ҚК-нің ережелері қолданылуға жатады. (1997 жылғы редакциядағы) ҚР ҚК-нің 69-бабының 1-бөлігі "г" тармағына сәйкес, егер аса ауыр қылмыс жасалғаннан кейін он бес жыл өтсе, адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады", - делінген үкімде.


Мәйітті үйдің ауласынан қазып алу сәті

Алайда бұл үкіммен марқұмның бауыры Асылхан Шүңіреков келіспейтінін жеткізіп, апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді. Тілшімізге берген сұхбатында Шүңіреков ол тергеудің әуел бастан жүргізілгенін қалайды. 

"Біз бірінші арыз берген кезімізде тергеуін тергеп, істі жауып кеткен. 1998 жылы болған қылмысты үш жылдан кейін сүйегі табылды, көмілді деген есеп беріп, істі қысқартып тастаған. Ал сүйек таяуда ғана бауырымды өлтірген адамның үйінің ауласынан таптық. Мұны кім қалай тергегенін түсібейміз. Бұған жалпы кім жауап береді?", - деп налыды марқұмның бауыры Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, қылмыс болған күні ағасынан бұрын тағы үш адам болған, олардың бірі ағамды өлтірген адам да, ал қалған екеуін істе куәгер ретінде қарастырған. Жәбірленуші тарап бұл жағдайды да тергеуді талап етіп отыр.


Кеңесхан Мәдіхановтің мәйіті табылған үй

Айта кетейік, марқұмның сүйегі оны өлтірген адамның ауласынан табылған болатын. Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі оқиғаның қалай болғанын айтып берген еді. Ұсталған адам 1998 жылы желтоқсан айында досымен бірге ішімдік ішкен. Екеуінің арасында жанжал шыққан. Сол кезде ИЖ маркалы 12-калибрлі мылтықтан оқ атылған, ер адам оқиға орнында қаза тапқан. 

"Ұсталған адам мәйітті өз ауласына көміп тастағанын айтып, қайда жатқанын көрсетті. Сол жерден адам сүйектері табылды. Күдікті 2013 жылы қылмыс жасалған мылтықты өз еркімен акция кезінде Мойынқұм аудандық полиция бөліміне тапсырғанын айтты. Бұл мәліметтің құжаттары да бар", - деп хабарлаған еді Жамбыл облыстық ПД баспасөз жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 516.01  course down  536.3  course down  5.17  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer