ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
07 августа 2018 | 19:53

Шымкентте Ұлттық ұлан сарбазын ұрғандардың ісі тергеліп жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видео кадрлары Видео кадрлары

Шымкентте Ұлттық ұлан сарбазын шапалақпен ұрып, балағаттағандардың ісі полицияда тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Ішкі істер департаменті Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте Ұлттық ұлан сарбазын шапалақпен ұрып, балағаттағандардың ісі полицияда тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Ішкі істер департаменті Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

26 шілдеде қаланың Ильяева көшесінде болған оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде таралған еді. Видеода ер адам Ұлттық ұлан формасын киген сарбазды шапалақпен тартып жібергенін көруге болады.

Басқарма өкілдерінің мәліметінше, қазіргі таңда видеодағы дерек бойынша Абай полиция бөлімшесінің қызметкерлері сарбазды ұрды деген күдікпен екі адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

"Күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша (380 - Билік өкiлiне қатысты күш қолдану" және 378 - "Билік өкiлiн қорлау") сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр", - деп хабарлады басқармадағылар.

Айта кетейік, бұл қылығы үшін күдіктілер бірінші бап бойынша 3 мың АЕК-ке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалануы мүмкін, ал екінші бап бойынша 80 АЕК-ке дейiнгi мөлшерде айыппұл арқалауы не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алынуы мүмкін.

Мұның алдында бұл оқиғаға қатысты ҚР Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі пікір білдірген еді. "2018 жылғы 26 шілдеде сағат 22.20 шамасында Шымкент қаласындағы Ильяева көшесінде орналасқан "Женя" кафесінде аталған мекеменің күзетшісі және кафеге келушілердің арасында жанжал туындаған. Даудың себебі - тұтынушы мекеменің көрсеткен қызметіне ақы төлеуден бас тартқан. Кафеге жақын маңда қызмет атқарып жүрген 6506 әскери бөлімінің  әскери жасағы айғай-шу мен балағат сөздерді естіп, жанжалдың себебін білу үшін сол жерге келеді", - делінген еді хабарламада.

Осыдан кейін айғай шығарған ер адам әскери жасақты көріп, оларға қарсы балағат сөздер айта бастайды, күш көрсетемін деп қоқан-лоқы жасаған. Әскери жасақ болған жағдай туралы басшылыққа хабар беріп, бұзақыларды Шымкент қаласындағы Абай аудандық ішкі істер бөліміне жеткізген.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 516.01  course up  536.3  course up  5.17  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer