ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
03 августа 2021 | 12:33

Таразда карантинде той тойлаған аудан әкімі жазаланды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видео кадры Видео кадры

Жамбыл облысы Байзақ ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов карантин уақытында тойда ұсталды. Бұл туралы Aibat жаңалықтар қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысы Байзақ ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов карантин уақытында тойда ұсталды. Бұл туралы Aibat жаңалықтар қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Aibat мәліметінше, Тараздың тойханаларын әскерилер қоршауға алды. Қаладағы ұзын саны 74 сауық кешенінің алды қатаң күзетіліп жатыр. Себебі облыс орталығында жасырын той жасаушылар тыйылмай тұр. Мобильді топ бір түнде 25 тойдың үстінен түскен. Аймақта аурудың саны артып жатқанда аудан әкімі де той тойлап ұятқа қалған.

Мобильді топты кіргізбей қойған той иесі тексерушілермен төбелесуге дейін барған. Тіпті тойхана иелері де карантин талаптарын бұзған жұртты тарқатуға келген облыс әкімі орынбасарын жағадан алған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @aibat__kz

Ереже мен ескертуді елемеген кәсіпкерлерге кейінгі 10 айда 90 миллион теңге айыппұл салыныпты. Ал ауру көрсеткіші өңірде өршіп барады. Бір күн ішінде 186 адам COVID-19 жұқтырған. Қазір қаладағы барлық 220 дәмхана қатаң тексеріліп жатыр.

"Оның ішінде 21 дәмхана бойынша біз сотқа жібердік. Егер де ол шағын бизнес болса 230 АЕК бойынша айыппұл салынады, ол - 670 910 теңге", - деді Тараз қаласының бас санитария дәрігері Рита Алтынбасова.

Ауру асқынған тұста Байзақ ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов та той тойлап, желідегі жұрттың табасына қалған.

"Байзақ ауданы әкімі Қазанбасовқа жеке тұлға ретінде шектеу шарасын бұзғаны үшін 84 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды", - деді Жамбыл облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Наиля Мулюкова.

Шенеунік айыппұл салынғанымен, тойхана иесі де 700 мың теңгеге жуық айыппұл арқалайды. Мамандар аурудың өршуін тойдың тыйылмауынан көреді. Сондықтан Тараздағы тойханалардың алдын күзетуге әскер жұмылдырылған.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer