ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
16 августа 2021 | 15:40

Таразда кинотеатрға түнде кірген 100-ге жуық адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда түнде жасырын жұмыс істеген кафе мен кинотеатр қожайындарына айыппұл салынды. Олар мониторинг тобына есік ашпай, алдамақ болған. Бұл туралы Aibat жаңалықтар қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Таразда түнде жасырын жұмыс істеген кафе мен кинотеатр қожайындарына айыппұл салынды. Олар мониторинг тобына есік ашпай, алдамақ болған. Бұл туралы Aibat жаңалықтар қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Aibat мәліметінше, өңірдегі кафелердің бірінің қожайыны жарты сағат бойы есік ашпаған соң, тексерушілер кафеге арнайы жасақ шақыртып, есігін бұзып кіруге мәжбүр болған. Ішке басып кірген мамандар 100-ге жуық адамды ұстап, хаттама толтырды. Есікті бұзғанша келушілердің біразы қашып үлгерген.

Кейін мониторинг тобы Тараздағы кинотеатрға барған. Есігі жабық болғанымен, ауласында көлік көп екені байқалған. "Ашпасаңдар, есік бұзылады" деген ескертуден кейін кинотеатр қожайыны тексерушілерді көрермені жоқ залды көрсетіп алдамақ болған. Бірақ жасырын залда 80-нен аса адам бары анықталды.

Кино көруге келгендер билет құнын қайтарып алды. Ал карантинге қарамастан жұмыс істеген кәсіпкерге 700 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Бірақ бизнесмен ешқандай қаулы туралы естіген жоқпын деп ақталуға тырысты.

"Біз қаулымен танысқан жоқпыз, бізге ешкім алып келген жоқ. Ешкім ескерткен жоқ", - деді кинотеатр директоры Қайрат Әбітаев. 

"Біз өзімізге тиісті жұмысты істедік. Қазіргі таңда мына ахуалға байланысты күшейтілген түрде 4 топ 4 жақтан жүреді", - деді Тараз әкімдігінің бөлім басшысы Айдын Алтай. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @aibat__kz

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети