КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА БЛИЗ АКТАУ: ХРОНИКА АВИАКАТАСТРОФЫ
24 ноября 2021 | 13:49

"Мейрамханаға тек вакцина паспортымен кіреді". Еуропа елдерінде локдаун жарияланды

Камила Долаева
Камила Долаева Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Pavel Danilyuk / Pexels Фото: Pavel Danilyuk / Pexels

Еуропаның көп елінде COVID-19 жұқтырғандар саны күрт өсуіне байланысты вакцина алмағандар үшін қатаң шектеулер мен локдаун енгізіліп жатыр. Оған қарсы жүріп жатқан ауқымды наразылық шаралары да БАҚ беттерінде. Tengrinews.kz тілшісі қатаң карантин шаралары енгізілген елдерге шолу жасады. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Еуропаның көп елінде COVID-19 жұқтырғандар саны күрт өсуіне байланысты вакцина алмағандар үшін қатаң шектеулер мен локдаун енгізіліп жатыр. Оған қарсы жүріп жатқан ауқымды наразылық шаралары да БАҚ беттерінде. Tengrinews.kz тілшісі қатаң карантин шаралары енгізілген елдерге шолу жасады. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық бюросының директоры Ханс Клюге де елдер шектеуді күшейтпесе және халықты иммундаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етпесе, қыста коронавирус салдарынан Еуропада 500 мыңға жуық адам қайтыс болуы мүмкін екенін мәлімдеген.

Аустрия

Аустрияда дүйсенбіде төртінші жалпыұлттық локдаун басталды. Себебі вирус жұқтырып жатқандар саны тәулігіне 15 мыңнан асып түсті. Бұл ел үшін өте жоғары көрсеткіш.

Карантин кем дегенде үш аптаға созылады. Бұл уақытта мектептер мен балабақшалар жабылып, мәдени мекемелер, сауда орталықтары, қонақүйлер жұмысын тоқтатады, Рождестволық жәрмеңкелер, сұлулық салондары жұмыс істемейді, кафелер мен мейрамханалар тек жеткізу арқылы қызмет ете алады. Жұмысын жалғастыратындар: супермаркеттер, дәріхана, банк, қоғамдық көліктер, пошта, байланыс орталықтары, клиникалар және басқалары. Үйден тек жұмысқа немесе оқуға, серуендеуге, дүкенге бару үшін шығуға болады. 

Жалпы локдаун аяқталғаннан кейін шектеулер вакцина алмаған адамдар үшін жалғасады деген болжамдар айтылып жатыр. Келесі жылдың ақпанынан бастап билік коронавирусқа қарсы міндетті вакцинация енгізуді жоспарлап отыр, медициналық қарсы көрсетілімі болмаса, әкімшілік айыппұл салады. Қазіргі уақытта Аустрияда тұрғындардың шамамен 67 пайызы толығымен екпе алған.

Чехия

Қазір чехиялықтар жаппай вакцина алып жатыр. Жергілікте телеарналардың мәліметінше, өткен демалыста Праганың Орталық вокзалында адамдар екпе алу үшін 3-4 сағат кезекте тұрған. Себебі Чехия үкіметі коронавирус жұқтырғандардың күрт өсуіне байланысты бүгін, 22 қарашадан бастап вакцина салдырмаған және COVID-19 жұқтырып ауырмаған адамдар үшін айтарлықтай шектеулер енгізуді шешті. Бұл адамдар енді 2022 жылдың ақпан айының соңына дейін дүкендерге (азық-түлік, дәріханалардан басқа), мейрамханаларға және басқа да тамақтану орындарына, кинотеатрлар мен мәдени мекемелерге, спорттық жарыстарға және бұқаралық акцияларға бара алмайды. Сонымен қатар, мектеп оқушыларынан тұрақты түрде ПТР-тест алу жалғасын табады. Кәсіпорындар мен фирма қызметкерлері де апта сайын тест тапсыруға міндеттелді. Бұл туралы "РИА Новости" хабарлады.

Осы тұста республика премьер-министрінің міндетін атқарушы Андрей Бабиш Чехияда ковидке қарсы міндетті вакцинация болмайтынын мәлімдеді.

"Чехия Аустрияның жолын қайталамайды, барлық тұрғынға жалпыұлттық локдаун мен халықты коронавирусқа қарсы міндетті вакцинация болмайды", - деген болатын Андрей Бабиш журналистерге.

Он миллионнан аса халқы бар Чехияда 6,24 миллион адам толығымен вакциналанған, бұл екпе алуға болатын адамдардың 70 пайыздан астамы. 
 
Өткен жұмада елде бір тәулікте 22 936 адамнан коронавирус анықталып, жаңа антирекорд тіркелді. Қазіргі уақытта республикада 203,1 мың адам коронавирустан емделіп жатыр, олардың 4,1 мыңы ауруханада. Пандемия басталғалы елде 32 мыңнан аса адам қайтыс болды.

Словакия

Өткен аптада әлемде коронавирус инфекцияның жаңа жағдайларының саны бойынша Словакия бірінші орынға шықты. Елде дүйсенбіден бастап вакцина алмағандар үшін локдаун енгізілді. Шектеулер Чехия Республиасымен бірдей. Эпидемиялық жағдайы қолайсыз бірқатар ауданда вакцина салдырғандарды қоса алғанда, барлық тұрғын үшін барынша қатаң шектеулер енгізілді. Әзірге Словакияда тұрғындардың тек 43 пайызы екпе алған. 

Грекия

Ауру деңгейі күрт өскен Грекияда да дүйсенбіден бастап екпе алмаған адамдар тамақтану орындарынан басқа кинотеатр, театр, мұражайларға, спортзалдарға және басқа да жабық мекемелерге кіре алмайды. Өткен сенбіден бастап вакцинацияланбаған гректер дүкендерге, шаштараз, банктерге және мемлекеттік мекемелерге кіру үшін теріс ПТР-тест нәтижесін көрсетуі керек. Ереже азық-түлік, дәріхана, сондай-ақ діни мекемелерге қолданылмайды. Алайда православ шіркеуі вакцина алмағандарға шіркеуге кірер алдында тест тапсыруға шақырды.

Сонымен қатар, 60 жастан асқан ересектер вакцинаның екінші дозасын алғаннан кейін жеті айдан кешіктірмей ревакцинация жасауға міндеттелді, әйтпесе олардың вакцинация туралы сертификаты жойылады. Грекияда халықтың шамамен 60 пайызы екпе алған. 

АҚШ

Rg.ru мәліметінше, АҚШ федерал билігі де жаңа ереже енгізді, оған сәйкес 100 немесе одан да көп қызметкері бар барлық жұмыс беруші қызметкерлерін 4 қаңтарға дейін толығымен вакциналауға міндетті. Немесе апта сайын COVID-19-ға қарсы тест тапсыруды қамтамасыз етуге тиіс. Билік өкілдерінің есептеуі бойынша, бұл талап орындалса, шамамен 84 миллион адам екпе алады. 

Дегенмен, Ақ үй мұндай қатаң шаралар коронавирустың таралуын тоқтатуға мүмкіндік бермейтін вакцинация деңгейін күшейтудің жалғыз тәсілі екеніне сенімді. Ал ережеге бағынбаған компанияларға айыппұл салынады. Бұл ретте жұмыс берушілер екпеден бас тартқан адамдардың апта сайынғы тестілеуін төлеуге міндетті емес.

Эстония

Өткен аптада Эстония билігі де ел тұрғындарына қоғамдық орындарға кіру үшін теріс ПТР-тест нәтижесін өткізуге тыйым салды. Енді оның орнына вакцинация паспорты немесе COVID-19 жұқтырып, жазылып шықты деген анықтама қажет.

Франция

Ал Францияда өткен сенбіде алтыншы рет наразылық акциясы өтті. DW мәліметінше, демонстранттар медицина қызметкерлерін міндетті вакциналауға және санитарлық талаптар ауқымын одан ары кеңейтуге қарсы. Францияның Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, митингтерге 175 мыңға жуық адам қатысқан. Ірі акциялар Парижде, По, Лилльде және басқа да бірқатар қалада өтті. Наразылықтар негізінен бейбіт сипатта болды.

"Известия" ақпараты бойыша, шерушілердің билікке деген басты талабы - кинотеатрлар мен бассейнге баратын 12-17 жастағы жасөспірімдерге рұқсат қағазын көрсетуді алып тастау. Бұл шектеу 30 қыркүйекте енгізілген болатын. 

Айта кетейік, 9 тамыздан бастап франциялықтар мейрамхана, киноларға барғанда және пойызбен алыс сапарға шығарда және ішкі рейстермен ұшқанда COVID-19-ға қарсы вакцина паспортын немесе бұрын ауырғанын я коронавирусқа теріс тест нәтжесін көрсетуге міндеттелді. Қазір кей өңірде ірі сауда орталықтарына келушілер үшін де "санитарлық рұқсатнама" енгізу жоспарланып отыр.

Франция заңына сәйкес, бар немесе мейрамханаға сертификатсыз кірген адамдар алты айға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бизнес иелері міндеттемелерді бұзғаны үшін бір жылға бас бостандығынан айырылады және 45 мың еуро айыппұл салынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 521.98  course up  542.28  course up  5.16  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer