КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА БЛИЗ АКТАУ: ХРОНИКА АВИАКАТАСТРОФЫ
03 июня 2020 | 16:05

"Берешегі миллиард теңгеден асады". Қазақстандағы танымал футбол клубы неге қарызға батты?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© "Ертіс" ФК © "Ертіс" ФК

Қазақстан футболы тарихы бай, титулы көп тағы бір клубтан айырылу алдында тұр. Павлодарлық "Ертіс" клубы милилардаған қарызы үшін чемпионатты жалғастырудан бас тартты. Tengrinews.kz тілшісі еліміздегі ең танымал клубтарының бірі саналатын "Ертістің" кімдерге қарыз екенін шолып шықты.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан футболы тарихы бай, титулы көп тағы бір клубтан айырылу алдында тұр. Павлодарлық "Ертіс" клубы милилардаған қарызы үшін чемпионатты жалғастырудан бас тартты. Tengrinews.kz тілшісі еліміздегі ең танымал клубтарының бірі саналатын "Ертістің" кімдерге қарыз екенін шолып шықты.

Бәрі неден басталды?

Соңғы бес жылдықта "Ертісті" болгариялық Димитар Димитров баптаған. Бұл бапкер клубты ел чемпионатының жүлделі орындарына көтеріп, еурокубоктарға шығарған. Ал былтыр сәуірде клуб аясында үлкен жанжал болған. "Ертіс" басшылығы Димитровпен келісімшартты біржақты бұзып, бапкерді жаттығу мен ойынға келмей қалды айыптаған. Ал болгариялық маман болса, оны бәзбіреулердің стадионға кіргізбей қойғанын айтқан.

Сөйтіп, көп ұзамай Димитровтың "Ертістегі" көмекшілері Петар Колев пен Георге Чиликов та жұмыстан қуылған.


Димитар Димитров. © "Ертіс" ФК  

Болгариялық маман мен клуб арасындағы жанжал ұзаққа созылды. Нәтижесінде Димитров келісімшартты заңсыз бұзғаны үшін клубты сотқа берген. Биыл ақпанда сот отырсы өтіп, судья Димитровтың жұмыстан заңсыз босатылғанын растаған. Сондықтан, клуб болгариялық бапкер мен оның көмекшілеріне келісімшартты бұзғаны үшін өтемақы ретінде 1 миллион еуродан аса қарыз болып қалды. Сол кезде клуб бұл қарызды 1 маусымға дейін өтеуге міндеттелген.

Салық бойынша қарызы - 1 миллиард теңге

Биыл сәуірде клубтың жаңа директоры Нұрлан Ысқақовтың бастамасымен павлодардық клубта аудиттік тексеріс болған. Тексеріс барысында бірнеше заңбұзушылық анықталған.

"Ертістің" ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, клубтың тек салық бойынша қарызы бір миллиард теңгеге жеткен.

Сонымен қатар, тексеру барысында жаттықтырушылар мен ойыншылардың жалақы сметасы 379,5 миллион теңгеден асып кеткені анықталған. Оның ішінде бапкердің көмекшілері мен он легионерге 181,9 миллион теңгеден аса сыйақы төленген.


© "Ертіс" ФК 

Сондай-ақ 13 футболшыға сыйақы ретінде негізсіз 197,5 миллион теңгеден аса артық төлем жасаған, клубтың әкімшілік және басқару қызметкерлерінің жалақысы 44,4 миллион теңгеден асып кеткен. Клуб қызметкерлеріне негізсіз бонустар төленген. Былтырдың өзінде мұндай төлемдердің сомасы 36 миллион теңгеден асқан. Тексеру барысында клубта жұмыс істемесе де, 8 миллион теңгеден аса жалақы алған адамдар анықталған.

Клубтың несиелік қарызы - 1,8 миллиард теңге

Осындай негізсіз төленген қаражат пен миллиондаған қарыздың салдарынан "Ертіс" басшылығы чемпионат ортасында жарыстан шығу туралы шешімге келген. Таяуда Павлодар облысы туризм және спортты дамыту басқармасының басшысы Марат Айдашев баспасөз мәслихатын өткізіп, жағдайды түсіндірген.

"Облыс қазынасынан 1,8 миллиард теңге бөлінді. Демеуші 1,6 миллиард береді деп жоспарланған болатын, бірақ соңында 200 миллион ғана бөлінді. Бұл қаражат қаңтар айындағы жалақының бір бөлігін төлеуге жұмсалды. Осыдан кейін тағы бір тексеріс болып, клуб бірнеше жылдан бері қарызын төлемегені анықталды", - деді ол.

Сондай-ақ, оның айтуынша, бұған дейін клуб келісім-шартын біржақты бұзған бірнеше бапкердің сот ісі бар екен.

"Несиелік қарыздың жалпы сомасы - шамамен 1,8 миллиард теңге. Бұл 2019 жылға арналған несиелік берешек. Заң бойынша несие қарызын биылғы жылдың бюджетімен жабуға құқығымыз жоқ, осыған байланысты клубқа бөлінген қаражат енді басқа қарыздарды төлеу үшін кетеді. Яғни, біз биылға 1,8 миллиард, былтырға 1,8 миллиард теңге міндеттеме алдық. Яғни, 3,6 миллиард теңге - клубта осындай саңылау пайда болды, - дейді Айдашев.

Осы қарыздарға байланысты клубты биылғы Премьер-лигадан шығару туралы шешім қабылданған. Енді жағдайдың қаржылық мониторингі жүргізіледі.

Клубтың жабылуына кім кінәлі?

"Ертістің" маусым ортасында жарыс жолынан шығып қалғаны туралы ақпарат әлі қызу талқыланып жатыр. Бұл Димитар Димитров үшін де күтпеген жаңалық болғаны анық. Ол KazFootball.kz сайтына берген сұхбатында бұл жағдайға кімдер кінәлі екенін айтты.

"Өкінішті. Бұл жағдайға сене алмаймын! Мен Давид Лориядан басқа ешкіммен сөйлеспедім. Мұның бәріне клубтың нашар менеджменті мен Павлодар облысының әкімдігі кінәлі. Мені далаға лақтырғандай болса да, "Ертіс" мен үшін қымбат. Павлодарда әлі де көптеген досым, бауырым бар. Солар үшін клубқа екінші рет бардым, бірақ клуб басшылығы мен облыс әкімі мені көргісі келмеді" - деді Димитров.


© "Ертіс" ФК  

Meta-ratings.kz порталының мәліметінше, клубты банкрот деп жариялау идеясын ресейлік функционер Дмитрий Васильев ұсынған. Васильев биыл клубтың бас менеджері болып тағайындалған еді.

49 жастағы маман өңір басшылығына бұл жағдайдан шығудың ең дұрыс нұсқасы клубты банкрот деп жариялау екенін айтқан.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 515.11  course down  535.94  course down  5.16  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer