ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
16 ноября 2021 | 13:38

"Мбаппе жалғыз шықса, 4:0 болар еді". Желіде Қазақстанның ірі жеңілісі әзілге айналды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Футболдан Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі соңғы матчінде Франциядан 0:8 есебімен жеңіліп, антирекорд орнатқан еді. Қазнет қолданушылары бұл жеңілістен кейін әзілдеуден басқа шарасыз қалып отыр. Желіде Франция - Қазақстан матчінен кейін түрлі әзіл, мем тарады. Tengrinews.kz тілшісі әзілдерді жинап шықты. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Футболдан Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі соңғы матчінде Франциядан 0:8 есебімен жеңіліп, антирекорд орнатқан еді. Қазнет қолданушылары бұл жеңілістен кейін әзілдеуден басқа шарасыз қалып отыр. Желіде Франция - Қазақстан матчінен кейін түрлі әзіл, мем тарады. Tengrinews.kz тілшісі әзілдерді жинап шықты. 

Негізі бұл матчке Қазақстанның көптеген ойыншысы жарақатына немесе сары қағазына байланысты қатысқан жоқ. Олардың қатарында құрама көшбасшысы Бахтиер Зайнутдинов те бар. Желідегілердің пайымдауынша, қазір Зайнутдинов матчке қатыспағанына қуанып жүрген шығар. 

Ал бұл мемді қазақшаласақ "тапсырдым - қабылдадым" деп аталады. Себебі былтыр Қазақстан әйелдер құрамасы Франциядан 0:12 есебімен жеңілген еді. Ал таяуда Қазақстан ерлер құрамасы да Франциядан ірі жеңіліспен оралды.   

Парижде өткен матч әзілкештердің де назарынан тыс қалмады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ARNAT UTEPBERGENOV? ?? ОЙБОЙ (@arnold_gazizovich)

Футболшыларды ағашқа теңеу - бұрыннан бар әзіл. Сенбідегі матчтен кейін Қазнет қолданушылары біздің футболшылардың сүреңсіз ойынын осылай бағалапты. 

Қазақ футболын жиі сынға алатын файтер Қуат Хамитов бұл жолы да жеңілістен соң мәлімдеме жасады. 

Ал қазақстандық жанкүйерлердің матч кезіндегі түрі Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфиновтің осы суретіне ұқсаған шығар. Ел тарихындағы ең ірі жеңіліс болып жатқанда осылай көнуден басқа шара қалмайды.  

Ал тағы бір желі қолданушылары құрамаға "Дикий Арман" ретінде танылған Арман Жұмагелдиев жетпеді деп әзілдеген. "Дикий Арман" биыл бокстан Сербиядағы әлем чемпионатында құрамаға қолдау көрсеткен сәттерінің видеосы желіде тараған еді.

Бұл әзілді түсіндірудің де керегі жоқ шығар. 

Тағы бір футбол жанкүйерінің пікірінше, қазақстандықтарға бұл ойында қақпашы Александр Мокин қажет еді. Себебі биыл науызда "Астана Аренада" өткен Қазақстан - Франция матчінде ел қақпасын тәжірибелі Мокин күзеткен. Әлемнің үздік футболшыларының бірі саналатын Килиан Мбаппе сол ойында пенальтиден мүлт кетіп, Мокин қақпасынан саңылау таба алмай кеткен еді. 

Ал Париждегі матчте Мбаппе төрт гол соқты. Килиан алаңға жалғыз шықса да, біздің футболшыларды 4:0 есебімен жеңер еді, деп әзілдейді желідегілер. 

Бүгін Қазақстан құрамасы Тәжікстанмен жолдастық кездесу өткізеді. Қазақстан футбол федерациясы Тәжікстанға қарсы ойынмен Франциядағы жеңілісті ұмыттыруға тырысатындай көрінеді. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer