ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
14 декабря 2021 | 14:45

Алматыда Тәуелсіздіктің қандай символдары бар?

Камила Долаева
Камила Долаева Корреспондент
Алихан Сариев
Алихан Сариев Фотокорреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Коллаж: Tengrinews.kz Коллаж: Tengrinews.kz

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Биыл Қазақстан егемендік алғанына 30 жыл толды. Осыған орай Tengrinews.kz тілшісі Алматыдағы тәуелсіздік нышандарын аралап көрді.

Тәуелсіздік нышаны дегенде ең алдымен "жаңа" алаңдағы "Тәуелсіздік монументі" еске түседі. Бұл Күләш Байсейітова мен Қаныш Сәтбаев көшелерінің қиылысы. 

Алыстан көзге түсетін бұл монументтің биіктігі 180 метр, ол дегеніміз шамамен 45-55 қатаббы үймен тең. Ал оның орта тұсындағы көне тарихи жазбалары бар тақтаның ұзындығы - 28 метр.

Монументтің тарихына көз жүгіртсек, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1993 жылы Мысыр еліне барған сапарында Луксор қаласының қақ ортасындағы тәуелсіздіктің құрметіне қойылған монументке көзі түсіп, дәл сондай ескерткішті елімізде де орнатсақ деген ойға келген екен. Кейінірек бұл ойын белгілі сәулетші Шота Уәлихановқа жеткізген. 

Осылайша Қазақстан тәуелсіздігінің 5 жылдығында "Тәуелсіздік монументі" ашылады. Мәдени ескерткіштің ең биігінде ұзындығы 6 метр "Алтын адам" орналасқан. Республикалық маңызы бар ескерткіштер тізіміне енгізілген бұл туындының авторы, топ жетекшісі - архитектор Шота Уәлиханов, мүсіншілері Нұрлан Далбай, Әділет Жұмабаев, сәулетшілері Қазыбек Жарылғапов, Қалдыбай Монтақаев және басқалары. Ал бас конструкторы С.П. Каламкаров. 

Qazaqstan.tv мәліметінше, бұл өнер тундысының әр бөлігінің астарлы мәні бар. Тастағы жазбалар, көркемделіп құйылған торкөз кесіндемелер ел тарихындағы ірі оқиғалардан хабар береді. Мұнда Томирис билік еткен тұстан бастап, қазақ хандығының қалыптасу кезеңі, жоңғар шапқыншылығы, ұлт-азаттық көтерілістер, ашаршылық кезеңдері мен ІІ Дүниежүзілік соғыс, Желтоқсан оқиғасы және көптен күткен тәуелсіздіктің жариялануы көрініс-суреттер арқылы бейнеленген.

Ал монументтің ең төменгі тұсындағы мемориал тақтайға Тұңғыш Президенттің ант беру кезіндегі Ата заңға қойған қолының тaңбасы мен сөзі түсірілген. Тас тақтаның бір тұсында Нұрсұлтан Назарбаевтың және өзге де құлпытастарға белгілі тұлғалардың ғибратты сөздері ойылып жазылған.

Ал стелланың айналасында дүниенің төрт бұрышына қарап тұрған аллегориялық сипаттағы мүсіндер бар. Бұл даналықтың көзі болған ақылгөй ақсақал мен бәріне құшақ жайған, жүрегі кең Жер-Ана және құлынға мінген ойын баласы мен кішкентай қыздың бейнесі.

Монументке жақын жерде, Желтоқсан мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында егемендігімізге арналған тағы бір ескерткіш бар. Ол Қазақстан тәуелсіздігінің жаршысы болған Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына орай ашылған. Дәл осы көшенің бойында Желтоқсан көтерілісі басталғанын айта кеткен жөн.

"Тәуелсіздік таңы" деп аталатын бұл ескерткіш 2006 жылы орнатылған. Оның ашылу салтанатына Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Желтоқсан көтерлісіне қатысушылар, жұртшылық өкілдері қатысқан болатын.

Бұл қазақстандық сәулетші әрі дизайнер Тимур Сүлейменовтің жобасы.

Автордың айтуынша, композиция тақырыптың мәндік-идеялық және көркемдік-образдық мазмұнын ашып береді. Ол негізгі үш бөліктен, қызыл және ақ граниттен жасалған екі пилоннан тұрады. Пилонның алғашқысы өткен мен болашақ арасындағы қақтығысты, халықтың өзіндік сана-сезімінің сілкінісін білдірсе, екіншісі мемлекеттің тәуелсіздігі мен бостандықтың салтанат құруын меңзейді.

Сондай-ақ, композицияға қолымен ұшуға дайын тұрған әйелдің мүсіні енгізілген. Ол оң қолына татулыққа шақыру нышаны іспетті орамал ұстаған. Ал сол қолында бостандыққа талпынысты, ұшу белгісін білдіретін, қанатын жайған құсты ұстаған. Ескерткіштің үшінші бөлігі - оюлы панно.

"Тәуелсіздік таңын" тұрғызуға 176 миллион 278 мың теңге жұмсалған деген ақпараттар да бар. 

Ескерткіштерден бөлек, Алматының Түрксіб ауданында 100 гектардан асатын үлкен аумақты қамтитын "Желтоқсан" саябағы бар.

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Былтыр, 2020 жылы желтоқсанда ашылған саябақты жасау туралы ұсынысты Желтоқсан ұйымдарының мүшелері ұсынған. Жас қанат және Маяк шағынаудандары аумағында орналасқан.


Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі, 2020 жылы ашылу салтанатында

Саябақта 13 ойын алаңы бар - 8 балалар және 7 спорт алаңы, оның ішінде воркаут алаңдары, мини-футбол және стритбол ойын алаңдары, сондай-ақ паркур ойын алаңы.

Саябақтың басты ерекшелігі - ұзындығы 1200 метрлік жаяу жүргіншілерге арналған пирст. Ол Кіші Алматы өзенінің арнасынан және Әуежай көлінің шығыс жағалауынан өтеді. 

Қаламызда "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы" деген көше де бар. "Думан" ықшамауданында орналасқан бұл көше де Тәуелсіздігіміздің символы іспеттес. 

Суреттер: Камила Долаева, Әлихан Сариев

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer