КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА В АКТАУ: ONLINE-ТРАНСЛЯЦИЯ
21 сентября 2018 | 16:53

Facebook-те не жазып жүрміз - Америка мен Қазақстан блогерінің пікірі

Сандуғаш Сұлтан
Сандуғаш Сұлтан Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© pexels.com © pexels.com

Дүние жүзінде Facebook әлеуметтік желісін 2 миллиард адам қолданады. Бұл цифр 2017 жылдың маусымындағы көрсеткіш. Әлеуметтік желіні қолданушылар бір күнде шамамен 6 миллиард "лайк" басып, 300 миллионға жуық пікір мен сурет жариялайды. Бастапқыда Thefacebook веб-сайт болып ашылып, оны тек Гарвард университетінің студенттері қолданған. Яғни, Facebook желісінің "туған жері" де сол Америка Құрама Штаттары.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Дүние жүзінде Facebook әлеуметтік желісін 2 миллиард адам қолданады. Бұл цифр 2017 жылдың маусымындағы көрсеткіш. Әлеуметтік желіні қолданушылар бір күнде шамамен 6 миллиард "лайк" басып, 300 миллионға жуық пікір мен сурет жариялайды. Бастапқыда Thefacebook веб-сайт болып ашылып, оны тек Гарвард университетінің студенттері қолданған. Яғни, Facebook желісінің "туған жері" де сол Америка Құрама Штаттары.

Ашылғанына 14 жыл болған Facebook әлеуметтік желісін сол америкалықтардың өзі қандай мақсатта қолданады? Ал біздің қолданушылар ше? Tengrinews.kz тілшісі осы сұрақтардың жауабын іздеп көрді.


© pexels.com

АҚШ-тың Вайоминг университетінің "Журналистика және коммуникация" бөлімінің профессоры, журналист Синди Прайстың айтуынша, Facebook-тің америкалық қолданушылары бұл әлеуметтік желіні естеліктер сақтайтын орын ретінде ғана пайдаланады, елде немесе әлемде болып жатқан оқиғалар туралы талқылайтындар өте сирек екен.

"Америкада Facebook саяси алаң емес"

"Facebook ашылғанда оның бастапқы мақсаты суреттер жариялап, естеліктерді бөлісу болды. Бірақ қазір әлемнің әр түкпірінде Facebook арқылы түрлі жазба қалдырып, жауапқа тартылатындар бар. Facebook - әлеуметтік желі, оны әлемдік, қоғамдық маңызы бар саяси жаңалықтарды, негативті жариялайтын ақпарат тарату құралы ретінде қолдануға болмайды. Біздің елде ресми БАҚ-тың өзі негатив жаңалықтарды сирек жазып, сирек көрсетеді. Тіпті бір жерде өрт болып жатса оны барлық редакция хабарламайды. Себебі ол маңызды ақпарат емес", - деді Прайс.

Оның айтуынша, АҚШ-та Facebook адамдардың достарымен, таныстарымен байланыс орнатып, сурет алмасатын платформа ғана.

"Мысалы менің достарымның парақшаларын көріп шығуға болады. Барлығына дерлігі отбасылық, қуанышты сәттерден естелік болып қалған суреттерін ғана салады. Себебі негатив өмір сүруді қиындатады және оның әлем үшін, өмір үшін еш пайдасы жоқ. Қоғамдық сананы дұрыстау үшін негативтен арылу керек, ол үшін БАҚ-тың, Facebook сияқты әлеуметтік желілердің атқаратын маңызы зор", - деді ол.

"Мықты блогерлер Facebook-тен кетіп жатыр"

Ал қазақстандық қолданушылар не жазып жүр? Facebook-тің белсенді қолданушыларының бірі журналист, блогер Өркен Кенжебектің айтуынша, Қазақстанда Facebook саяси тақырыптарды талқылайтын алаңқайға айналған.

"Қазақстанда Facebook қоғамдағы бір партия сияқты болып кетті. Себебі мұнда түрлі көзқарастағы тұлғалар бар. Ал жалпы, Facebook-тің мақсаты сурет салып, қызықтарды бөлісетін желі болу еді. Алайда біздің елде саяси мәселелерге қатысты еркін ойды жаза беретін алаңқайға айналған. Менің ойымша, бұл дұрыс емес, себебі бұл орайда негатив дүние өте көп. Қазір байқайтынымыз, қазақстандық мықты блогерлер Facebook-тен кетіп жатыр. Бұл желіде оқырман артыңнан еру үшін не хайп жасауың керек, не болмаса бәріне ренжіп, жамандап, негатив дүние жазуың керек", - дейді Өркен Кенжебек.

Оның айтуынша, Қазақстанда әлеуметтік желідегі жазбаларға қатысты қатаң заң бар, бірақ ақпараттық сауат жоқ.

"Қазақстанда әлеуметтік желіде арандату, араздық тудыру мақсатында жазылатын жазбалардың авторларына қатысты қолданылатын жаза да, заң да қатал, ол адамның өзіне, санасына байланысты. Егер тұрақты түрде 1-2 жыл бір адамның жазбаларын оқи берсең, дәл сол адам сияқты ойлап, дәл сол адам сияқты жаза бастағаныңды аңғармай да қаласың. Сол үшін кез келген жазба қоғам үшін маңызды. Әрине, мәселе көтеріп, салмақты, салиқалы дүние жазбай, сурет қана салу керек демеймін, бірақ қалың жұртқа ұсынылған дүниенің қоғамға, болашаққа пайдасы болуы керек. Ақпараттық сауаты жоқ, өзін батыр санап, халықтың атынан сөйлеп жүргендерге сенуге болмайды", - дейді ол.

"Лайк валюта сияқты"

"Интернеттегі адамдар екіге бөлінеді: таратушылар, қабылдағыштар. Олардың 90 пайызы қабылдағыштар. Біреудің таңып берген образдарымен, шаблондарымен жүретін адамдарды кез келген бағытқа бұрып, алып кету оңай, сондықтан абай болу қажет. Кейбір қитұрқы блогерлер жазбасының басын әдемі бастап, "дальше" дегенді бассаң аяқ жағы өзінің ойы, дұрыс емес дүние болып шығады. Кез келген адамның жазбасына лайк баса беруге болмайды. Қазіргі таңда лайк валюта сияқты болып тұр", - дейді блогер.


© pexels.com

Кенжебектің айтуынша, қазір қоғамдағы кез келген оқиға Facebook-ке келіп ақтарылып жатыр. Адам бұл әлеуметтік желіге кіріп демалмайды, керісінше, тек проблема жазылатын желінің кесірінен түңіліп жүреді.

"Адамдар өз бойындағы комплексін, сәтсіздігін, бақытсыздығын Facebook-парақшасында жазу арқылы шығарып, соның орнын толтырғысы келеді немесе өшін алып, "заман кінәлі", "үкімет кінәлі" деп кінәліні іздегісі келеді. Әлеуметтік желілер ақымақ пен ақылдыны теңестіріп отыр. Олай дейтінім, екеуі де оқи алады, екеуі де әріп тере алады. Ертеде қазақ қоғамында халықтың алдына тек дана адам шығып сөйлеген. Оның пікірін адамдар пікір деп қабылдау үшін оның құқығы сұралған. Ал қазір Facebook ешкімнен құқық сұрамайды. Кім қатты шыңғырса, сол керемет блогер аталып, халық соның артынан еріп кетуі мүмкін", - дейді ол.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 515.11  course down  535.94  course down  5.16  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer