Желіде франциялық экономист, жазушы Жак Атталидің "пандемия халықты жаппай қыру үшін әдейі ұйымдастырылды" деген мәлімдемесі тарап жатыр. Оны қазақстандық шоу-бизнес өкілдері де жариялаған. Бірақ Жак Аттали мұндай мәлімдеме жасағаны өтірік болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желіде франциялық экономист, жазушы Жак Атталидің "пандемия халықты жаппай қыру үшін әдейі ұйымдастырылды" деген мәлімдемесі тарап жатыр. Оны қазақстандық шоу-бизнес өкілдері де жариялаған. Бірақ Жак Аттали мұндай мәлімдеме жасағаны өтірік болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпаратта Жак Атталидің өткен ғасырда шыққан кітаптарынан "үзінділер" келтірілген. Сондай жазбаны танымал әзілкеш Нұрболхан Шарапов та жариялаған.
"Болашақта халық санын азайтудың амалын табу керек. Әрине, халықты жаппай қырып, лагерьлер сала алмаймыз... Біз пандемия ойлап табамыз", - деп келтірілген үзіндіде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бірақ әр жазбада бұл үзінді әртүрлі кітапта жазылғаны айтылады. Мысалы, басында бұл 1981 жылы жазылған "Өмір болашағы" кітабынан алынған үзінді деп тарады. Бірақ AFP және Snopes секілді басылымдар бұл жалған екенін анықтады. Жак Атталидің "Өмір болашағы" деген кітабы жоқ. Мұндай кітаптың (Future Life) авторы - Мишель Саломон. Онда Саломон Атталиден сұхбат алған. Дегенмен, онда пандемия, халықты жаппай қыру секілді сөздер жоқ.
Желіде Жак Атталидің тағы мынадай жазбасы тараған. Онда франциялық экономист "COVID-19 ойдан шығарылғанын" айтқан.
Бірақ AFP-ге берген сұхбатында Жак Аттали желіде тараған мұндай мәлімдеменің бәрі ойдан шығарылғанын мәлім етті.
Жак Аттали деген кім?
Осы тұста Жак Аттали деген кім және неге оның жалған мәлімдемелері тарап жатыр деген сұрақ туындайды.
Жак Аттали - франциялық экономист, жазушы, бизнесмен. 10 жыл бойы Франция президенті Франсуа Миттеранның кеңесшісі болған. Артынша Еуропалық жаңғырту және даму банкінің бірінші президенті қызметін атқарған. Адам мен өмір туралы он шақты кітаптың авторы.
Жак Аттали. Фото: asia.nikkei.com
Негізі, Аттали жазды деген жалған мәлімдемелер бұрыннан тараған. Мысалы, Le Monde мәліметінше, 1984 жылы медициналық журналдардың бірі Аттали эвтаназияны қолдайды деген ақпарат таратқан. Сол кезде экономист журнал жала жапты деп, сот арқылы жеңіске жеткен еді.
Жак Атталидің өзі қоғам қызу талқылаған бірнеше мәлімдеме жасаған. Мысалы, адам 65 жастан асқан соң қоғам үшін қымбатқа түседі деген. Осындай, пікірлерінен кейін оның "жалған мәлімдемелері" де артқан.