ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
14 июня 2019 | 17:29

Қазақ тілді блогерлерді кім оқып жүр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Бүгін - Халықаралық блогер күні. Бұл айтулы күнді 2004 жылы бірнеше мемлекеттен жиналған блогерлер қосылып, дәл осы күнді блогер күні деп жариялауды ұсынған екен. Яғни олар күнтізбеге блогер күнін белгіледі. Елімізде бірнеше мыңдаған оқырмандары бар қазақ тілінде жазатын блогерлер де бар.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін - Халықаралық блогер күні. Бұл айтулы күнді 2004 жылы бірнеше мемлекеттен жиналған блогерлер қосылып, дәл осы күнді блогер күні деп жариялауды ұсынған екен. Яғни олар күнтізбеге блогер күнін белгіледі. Елімізде бірнеше мыңдаған оқырмандары бар қазақ тілінде жазатын блогерлер де бар.

Tengrinews.kz тілшісі елімізде оқырманы ең көп блогерлермен әңгімелесіп, оларға жазылған оқырмандарының контингентін анықтап көрді. 

Өркен Кенжебек
журналист, блогер

Өркен Кенжебек еліміздегі ең танымал және оқырманы көп блогердің бірден-бірі. Қазіргі уақытта Facebook желісіндегі парақшасында 11 мыңнан аса, ал Instagram желісінде 83 мыңнан аса оқырманы бар. Ол жазбаларында түрлі сала бойынша пікір жазады. Саясаттан бастап тарихқа дейін ойын айтады. Елде болып жатқан іс-шаралар туралы да өз пікірлерін білдірген. Мемлекеттер арасындағы айырмашылыққа да пікір айтқан. Сондай-ақ, Өркен күнделікті өмірде айтулы деген мәселелер жөнінде де жазбалар жариялайды.

Өркен Кенжебек оқырмандарының басым көпшілігі 25-34 жас аралығындағы адамдар екенін айтты. Олардың көпшілігі Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Ақтөбе тұрғындары. Ал осы оқырмандардың басым көпшілігі ер адамдар дейді блогер. 

Сонымен қатар Өркен қазіргі кезде блогердің атақаратын рөлін былай деп сипаттайды:

"Блоггер - осы қоғам айтқысы, көргісі, білгісі келіп тұрған дүниені сыртқа шығаратын өткізгіш. Болды. басқа анықтамасы жоқ".

Тимур Бектұр
Интернет-маркетолог

Тимур Бектұрдың қазіргі уақытта Instagram желісінде 27 мың оқырманы бар. Ол өз жарияланымдарында IT-технология және оның маңызы, тарих, дін сияқты мәселелерді қозғайды. Сондай-ақ, басынан өткен қызықты оқиғаларды әңгімелеп, оқырмандарына жеткізеді. Тимур сонымен қатар YouTube желісіндегі арнасын жүргізеді.  

Ол Facebooke-те тұрақты отырмайтынын айтты. Тұрақты түрде тек Instagram-ды қолданады екен. Оған қоса блогер Telegram арнасында техникалық және түрлі саладағы жаңалықтарын жазады.

Тимурдың айтуынша, Instagram желісінде оның оқырмандарының көбі 25-34 жас аралығындағы адамдар. Оған қоса 18-24 жас аралығындағы да оқырмандары бар. Ал аймақтар арасында Тимурдың ең көп оқырмандары Алматыда, кейін Нұр-Сұлтан, Ақтау және Шымкент қалаларында екен. Оқырмандардың басым көпшілігі, яғни 69 пайызы әйелдер.  

Эльвира Ерғалина
блогер

2012 жылдан Instagram желісінде парақшасын жүргізіп келеді. Онда 81 мың оқырманы бар. Эльвира Facebooke-те тіркелген, бірақ онда белсенді емес екен. "Соңғы екі-үш жылда мен тек психологиялық жазбаларға көштім. Оның алдында өмір сүру стиліне байланысты жарияланымдар жаздым. Қазіргі кезде психологиялық кеңестер, мотивация, жеке тұлғаның даму туралы жазбалар", - дейді ол.

Сондай-ақ өмірден өткерген тәжірибесін де бөліседі. Түрлі психологиялық күйзеліс болса, содан арылу жолдары жайлы жазбалары бар. 

Эльвираның айтуынша, оның оқырмандарының басым көпшілігі әйелдер. Оқырмандар Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Қызылорда сияқты қалалардан. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

"Елде емеспін, сайлауға бармайм" деп жүргендердің бірі мен едім... ⠀ 1 апта боп қалды, Киевтемін. Келгелі достарымды жаңа президентімен құттықтап, "қалай, қуаныштысыңдар ма? қандай өзгеріс бар?" деп жатырмын, қаумалап. ⠀ Аз ғана уақытта қандай өзгеріс бола қойсын, уақыт керек, әрине. Бірақ, бәрінің айтатыны бір жауап: "Өзгерісті қаладық, бізде Зеленскийден басқа таңдау болмады. Бұл өсуге ме, әлде бұрынғыдан да құлдырауға ма, білмейміз. Бастысы, нәтижеге жеттік". ⠀ Осы сөзінің өзі мені оятып алғандай. Біздің ушығып, іріңі аузына шығып тұрған саяси ахуалымызға мен де өз үлесімді қосуым керек деп шештім бірден. ⠀ Елден кетуді ондағы жауапкершіліктен де қашу секілді қабылдағаныма ұялып та қалдым. Бірақ, менікі уақытша ғой, келем жақында ???? ⠀ Сонымен қалай да уақыт тауып, Қазақстанның Украинадағы елшілігіне барып, таңдауымды жасадым. Бір сәтте елдің тағдыры қолымдағы ручканың ұшында тұрғандай күй кештім. ⠀ Бұрын-соңды сайлауларда мұндай жанашу, жауапкершілік, толқу болмап еді. Бүгінгі митингілердің жантүршігерлік видеосы да әсер етсе керек... Қызық сезім. ⠀ "Украинаның жолын берсін, біздің халықтың таңдауы болсын" деп тастадым бюллетеньді. Әумин деп қойыңыздар ???? ⠀ Осы қалт-құлт еткен кезеңнен аман өтсек екен. Ашынған халықтың екпіні қатты, енді тұсаулауға да, бұғаттауға да көнбейтін сияқты. Әйтеуір бір алпауыт келе жатыр. Бір жағы, бәрібір болатын дүниенің көп күттірмей болғаны да жақсы. Эхх, Қазақстаным... ⠀ Ал, сіз сайлауға бардыңыз ба? Қандай сезімдер болды?

Публикация от Эльвира Ергалина (@elvira_ergalina)

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 522.63  course down  550.92  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer