ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
03 июня 2020 | 12:01

1-сыныпқа құжатты екі жолмен тапсыруға болады - БҒМ

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова онлайн-брифинг барысында мектептің 1-сыныбына құжат қабылдау тәртібін айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова онлайн-брифинг барысында мектептің 1-сыныбына құжат қабылдау тәртібін айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес биыл 1-сыныпқа баланың құжатын қабылдау 1 маусымда басталып, 1 тамызға дейін жалғасады.

Комитет төрайымының айтуынша, мектепке ең алдымен жақын маңда тұратын учаске тұрғындары тапсыра алады. Сондай-ақ осы жылдан бастап оқушылардың құжатын қабылдауға жаңа норма енгізілген.

"Білім туралы заңның 26-бабы 2-тармағында белгіленгендей, бірінші кезекте сол аумақтың тұрғындары  құжат тапсыра алады. Яғни сол мектепке жақын маңдағы үйлердің тұрғындарынан құжаты қабылданады. Биыл жаңа "Үшке бір" деген норма енгізілді. Яғни, тиісті учаскеден 3 бала, басқа учаскеден 1 баланың құжатын қабылдауға болады", - деді Майра Мелдебекова. 

Құжат екі жолмен қабылданады:

  1. порталы арқылы 3 құжат тапсыру керек: ата-ананың өтініші, баланың 3х4 суреті және медициналық анықтамасы.
  2. Құжатты қағаз түрінде мектепке барып, бұрынғы дәстүрлі жолмен өткізуге болады.

Сондай-ақ БҒМ Білім беруді цифрлық трансформациялау департаментінің директоры Қанат Кенбай Egov порталы арқылы Электронды цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен құжат өткізу тәртібін түсіндірді. 

"Ата-ана Egov арқылы бір емес, бірнеше баласы үшін өтініш жібере алады. Елдегі барлық мектепке жүйеге енгізілген. Тиісті мектепті таңдап, жіберуге болады... Айта кету керек, баланы мектепке білім басқармасы емес, әр мектептің өзі қабылдайды", - деді департамент директоры.

Білім және ғылым министрлігінің 1-сыныпқа құжат қабылдауға арналған онлайн-брифингін ведомствоның Facebook парақшасынан көруге болады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course up  546.44  course up  5.14  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer