ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
04 июля 2019 | 21:20

11 миллион адамның мәліметі тарап кетті: Қазақстандықтарға қандай қауіп бар

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz коллажы © Tengrinews.kz коллажы

11 миллион қазақстандықтың деректерінің таралуынан қандай қауіп бар? Бұл туралы Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы заңды тұлғалар бірлестігінің директоры Арман Абдрасилов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

11 миллион қазақстандықтың деректерінің таралуынан қандай қауіп бар? Бұл туралы Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы заңды тұлғалар бірлестігінің директоры Арман Абдрасилов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның 11 миллион азаматының деректері Интернет желісінде тарап кеткені хабарланған еді. Кез келген адам жүйеге еркін кіріп, оны өзіне толығымен жүктей алатын мүмкіндігі болған. Базадағы деректер жарты жыл бұрын жаңартылған.

Арман Абдрасилов базада қандай мәліметтердің болғанын айтып берді. 

"Біз Интернет бетінде белгілі бір мәліметті іздеу барысында осындай ашық тұрған базаны таптық. Бұл ашық қалған базада қазақстандықтардың толық аты-жөні, туған жылы мен күні, жеке куәлігінің нөмірі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, тұрғылықты жері, жынысы сияқты мәліметтер болған. Тек ұялы телефондары көрсетілмеген. Бұл мәліметтерді жүктеп алу мүмкіндігі болған. Дереу органдарға хабарлап, мән-жайды айтып, жұмысты бастап кеттік. Бір аптадай уақыт өтіп, мәліметтер базасы жабылғанына көз жеткізіп барып бұл жайлы хабар таратуды ұйғардық", - деді орталық маманы.

Оның айтуынша, егер бұл мәліметтер базасы бөтен біреудің қолында болса теріс пиғылдағы әрекеттерін жүзеге асыруы мүмкін еді. 

"Бұдан қазақстандықтарға келетін қауіп зор, себебі мәліметтерді өз пайдасына қолданудың түрі көп. Мәселен, біреудің атынан кредит рәсімдеуге болады, әлеуметтік инженерия жүргізуге болады. Мекен-жайы мен суреттеріне қол жеткізіп, қандай да бір бопсалау жасауға дейін баруы мүмкін еді", - деп түсіндірді ол.

Маманның айтуынша, бұл мәліметтер базасының кеңінен тарап кетуі Қазақстан тарихында болмаған ең ірі оқиға. 

"Мұндай оқиға Қазақстанда болмаған. Ең көп адамның жеке мәліметтері тарап кетіп отырған ірі жағдай. Жалпы ашық қалып қойған ақпараттың қанша уақыт тұрғаны әлі белгісіз, алайда оның барлық мазмұны Google және Yandex іздеу жүйелерімен индекстеліп үлгерді. Сондай-ақ, бұл дерек қылмыстық іс қозғауға себеп бола алатынын айтқым келеді. Себебі біздіңше, бұл мәліметтер базасын әлдекімдер қасақана ашық қалдырған болуы әбден мүмкін. Елімізде жеке мәліметтер базасын сақтаудың, қорғаудың нақтыланған процедурасы жоқ, нормативтік актілерінде шикілік бар", - деп атап өтті ол.

Еске салайық, мұның алдында Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мұның өте маңызды мәселе екенін атап өткен еді.

"Бүгін желіде азаматтардың жеке деректерін Интернетте тарату туралы ақпаратты көрдім. Өте маңызды мәселе. Ол ескі база ма, жоқ жаңа ма - бұл маңызды емес. Дереккөзі мен себептерін анықтауды тапсырдым. Құқық қорғау органдары осымен айналысады", - деген еді министр.

Айта кетейік, "Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы" 2015 жылы құрылған. Қызметі - кибер қылмыстың алдын алу және талдау, кибер оқиғалар және біздің елімізде ақпараттық қауіпсіздік инфрақұрылымын дамытуға шұғыл әрекет ету. Орталық ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс істейді, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік аудиті бойынша қызметтерді қамтамасыз етеді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer